2024 жылдың 1 қыркүйегі Алға қаласындағы В.И.Пацаев атындағы №2 Алға орта мектебінің табалдырығын аттаған әрбір шәкірт үшін ерекше болды десек болады. Тіпті, біз, ұстаздар да жаңа оқу жылында жаңа мектептің табалдырығын аттағандай күй кештік.
Бұған дейін 10 жылға жуық уақыт бұрын сырты ғана жөнделген, ішінде ағаш баспалдақтар мен ескі есіктер орнатылған мектепте жұмыс жасайтынбыз. Бір мезетте бұл көріністің барлығы көзден ғайып болып, жаңа, жарық, әрі әдемі мектепке аяқ бастық.
Білім алуға келген шәкірт болсын, сабақ берер ұстаз болсын барлығына керегі -жайлылық. Осы орайда, Ел Президентінің «Жайлы мектеп» бағдарламасын қолдайтынымды айтқым келеді.
Бала бойына тәрбие мен білімді қатар сіңіретін білім ордасының талапқа сай болуы маңызды. Ал, осы мүмкіндікке қол жеткізу ықпал еткен азаматтарға біздің алғысымыз маңызды деп ойлаймын және алғысымды білдіремін.
Ж.Аймакова,
Алға қаласының тұрғыны, ата-ана