ҚАУІПСІЗ ПАЙДАЛАНСАҢ, ИГІЛІГІН КӨРЕСІҢ
Таяуда Ақтөбеде орын алған 3 адамның қазасы газ жабдығын қауіпсіз пайдаланудың қаншалықты маңызы зор екенін еске салды. Жанға жайлылық, үйге жылу сыйлайтын көгілдір отынды қолдану барысында қажетті құрал-қондырғылар мен түтін мұржасын, желдеткішті үнемі тексеріп отырған абзал. Ал сәл бір күдік туып, газдың иісі сезілсе 5-104 нөміріне қоңырау шалу керек.
Тұрмыстық газды пайдаланумен байланысты жазатайым оқиғалардың басты себебі — түтін мұржаларының жеткіліксіз жұмыс істеуі. Бұл жайт газ жабдықтарын пайдалану кезінде ескеру қажет негізгі мәселелердің бірі болып табылады. Мұржаларды тұрақты тазалап отырмау және техникалық қызмет көрсетуге немқұрайлы қарау үлкен қауіп болып табылады. Сонымен қатар, көптеген мұржалар қауіпсіздік талаптары мен құрылыс нормаларына сәйкес келмейді. Бұл тұтынушыларға қосымша қатер төндіреді.
Улану мен жарылыстардың едәуір бөлігі жылыту құрылғыларын пайдалану кезінде тұтынушылардың салғырттық танытуына байланысты болып отыр. Тұтынушылар оларды өз бетінше қосады немесе орнын ауыстырады, сондай-ақ күмәнді немесе қолдан істелген газ жабдықтарын қолданады. Техникалық қызмет көрсету мен қауіпсіздік ережелерін сақтау әрбір тұтынушы үшін басымдық болуы қажет.
Осы орайда халықты газбен үздіксіз қамтамасыз етуді басты мақсаты санайтын «QazaqGaz Aimaq» АҚ тұтынушыларды газды пайдаланғанда қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға, әсіресе газ құрылғыларын пайдалану кезінде аса сақ және мұқият болуға шақырады және осы бағыттағы ағарту жұмысын жан-жақты жүргізіп келеді.
Компания өңірлердегі жергілікті телеарналардан газды қауіпсіз пайдалану ережелерімен танысуға мүмкіндік беретін бейнероликтерді көрсетуде. Телеарналардан шығатын бұл роликтер, сондай-ақ әлеуметтік нысандар, аурухана мен емхана, сауда орталықтары, ХҚКО, көшедегі автобустардағы мониторлардан да көрсетіледі.
Сондай-ақ, жергілікті телеарналарда күнделікті өмірде газды пайдалану кезінде жазатайым оқиғалардың алдын алу шараларын үнемі еске салатын жүгіртпе жол орналастырылады. Бұл халықты хабардар етудің тағы бір жолы.
Сонымен қатар, халықтың басын қосып, жиындар өткізіліп, онда жылу беру кезеңіндегі қауіпсіздік шаралары таныстырылуда. Тұрғындарға жылыту пештері мен жылыту аспаптарын дұрыс пайдалану бойынша жадынамалар таратылады.
«QazaqGaz Aimaq» компаниясының тағы бір бастамасын атап өту маңызды. Оған сәйкес, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі компанияның «112» нөмірі бойынша мәтіндік хабарламалар жіберу жөніндегі бастамасын қолдады. Осылайша, барлық өңірде «112» бірыңғай диспетчерлік қызметінен табиғи газды пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша азаматтардың ұялы телефондарына SMS-хабарлама жіберілуде.
Компания қызметкерлері оқу орындары мен коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорындарда табиғи газды қауіпсіз пайдалану бойынша дәрістер өткізуде. Бұл іс-шаралар балалар мен ересектерге газды дұрыс пайдалану мен қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығын білуді үйретуге бағытталған. Дәрістер үйдегі газ құрылғыларын қауіпсіз пайдалану негіздерінен бастап газдың ауаға тарауы мен одан туындайтын өрттің алдын алу қағидаларына дейінгі тақырыптардың кең ауқымын қамтиды. Дәріс өткізуші компания филиалдарының мамандары өз білімдері мен тәжірибелерімен бөлісіп, газды пайдалануға жауапкершілікпен қарауды үйретеді.
Өңірлерде Төтенше жағдай Департаменттері мамандарымен бірлесіп жоспарлы негізде тұрмыста газды қауіпсіз пайдалану қағидаларын сақтау бойынша рейдтер жүргізілуде. Бұл іс-шаралар қауіпсіздік стандарттарының сақталуын бақылау мен қадағалауға ықпал етеді.
Сонымен қатар, өндірістік филиалдардың қызметкерлері алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларын үйренуде. Бұл қосымша қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Өйткені бұл қызметкерлер төтенше жағдай орын ала қалса, алғашқылардың бірі болып көмекке келеді.
Компания Instagram және Facebook, Telegram сияқты әлеуметтік желілерді белсенді пайдаланатын жастарды да табиғи газды қауіпсіз пайдалану тақырыбымен үнемі таныстырып отыр. Әлеуметтік желіде қоғамды қауіпсіздік ережелеріне үйрететін ақпараттық хабарламалар мен бейнероликтер үнемі жарияланады. Әлеуметтік медианы насихаттау маңызды хабарламаларды кең аудиторияға жеткізуге көмектеседі және газ қауіпсіздігі туралы ақпарат алатын тұтынушылар санын арттырады.
Бұдан басқа, тұтынушылар газды пайдаланған кезде жазатайым оқиғаларға жол бермеу мәселелерін талқылау мақсатында газ жабдығына техникалық қызмет көрсетуді орындайтын мердігер ұйымдармен кеңестер өткізіледі. Бірлескен күш-жігер газ жүйелерінің қауіпсіздігін арттыруға ықпал етеді.
Осылайша, «QazaqGaz Aimaq» АҚ азаматтардың табиғи газды пайдалануда қауіпсіздік ережелерін сақтауы үшін жан-жақты ақпараттық жұмыстарды тоқтаусыз жүргізіп келеді. Бұл іс-шаралар қауіпсіздік мәселесінің маңыздылығын көрсетеді. Газ қызметкерлері барлық азаматтарды 2025-2026 жылдардағы жылыту кезеңін қауіпсіз және жайлы өткізу үшін қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады. Өйткені, бірлескен күш-жігер арқылы ғана қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге болады.
QAZAQGAZ AIMAQ АҚ
Ақтөбе өндірістік филиалы