Қауiптi мұз

Айнадай жылтыраған мұз айдында немесе су айдынның тiк жарынан шаңғымен сырғанаған қандай тамаша. Бiрақ мұндай сырғанақ қауiптi болуы мүмкiн, әсiресе сол жер белгiленбеген немесе зерттелмеген болса. Өйткенi қар астындағы мұз, ашық жердегi мұзға қарағанда, өте жұқа болады, сонымен қатар мұзда жылымдар мен ойықтар болады. Бұл жағдай қайғылы оқиғаларға әкелiп соғуы мүмкiн.

Егерде Сiз бiреудiң апатқа ұшырағанын көрсеңiз, 112, 101, телефондары арқылы құтқару құзметiн шақырып, зардап шеккенге көмек көрсетiңiз. Көмек көрсете отырып, келесi ережелердi сақтаңыз:

  • мұз сынған жерге еңбектеп жақындаңыз, өйткенi өзiңiз мұз астына түсiп кетуiңiз мүмкiн;
  • құтқарған уақытта жақын жерде жатқан тақтайша, бұтақша, шаңғы шана немес басқа заты пайдалану керек. Осы заттардың бiреуiн алдыңызға салып, еңбектеп барып, мұз сынған жерге 3-4 метрге дейiн жетпей зардап шеккен адамға созыңыз. Содан кейiн оны судан тартып, жағаға немесе мықты мұздың үстiне шығарыңыз;
  • мұз астына түсiп кетсеңiз, дереу көмекке шақырыңыз. Көмек келгенше дейiн тыныштық сақтаңыз, абыржып, суда тырбаңдамаңыз. Кеудеңiзбен мұз шетiне сүйенiп, жағаға қарай немесе қауiпсiз жерге қарай жылжып көрiңiз.
  • Алға ауданының төтенше жағдайлар бөлімі