«Қазақ аналары – Дәстүрге жол» — тәрбиенің бастауы.

 «Қазақ аналары — Дәстүрге  жол» Республикалық Қоғамдық бірлестігінің құрылғанына екі жыл уақыт өтсе де, ұлттық болмысымыздың жаңғыруына үлкен ықпалын тигізіп үлгерді. Бүгінде бұл жоба еліміздің барлық өңірлерінде ерекше қолдауға ие болып, филиалдары ашылуда. Біздің ауданымыз бойынша да филиалдарының да атқарған жұмыстары ауыз толтырып айтарлықтай. Назарларыңызға Алға ауданы бойынша өткізілген іс-шаралардың есебін ұсынып отырмыз.

2024 жыл басталысымен-ақ бірлестік мүшелері тағылым мол, өскелең ұрпаққа берері көп іс-шаралар легін бастап кеткен болатын. «Ана тағлымы» журналының кезекті санына Алға ауданы аналарының фото материалдарын жинақтап, 33 ана туралы мәлімет журнал бетіне жарияланды. «Қазақ аналары — Дәстүрге жол» қоғамдық бірлестігінің екі жылдық  мерейтойы аталмыш бірлестіктің бас төрағасы Айнұр Жүгінісованың және шет елден келген қонақтардың қатысуымен жан — жақты дайындалып, өткізілді. Мерекелік шараға 36 ана  қатынасты. Атаулы датаның жоғары деңгейде өтуіне барлық аналар өз үлестерін қоса білді.

Ақтөбе қаласының 155 — жылдық мерекесіне орай, Тоқмансай, Үшқұдық, Қарақұдық, Тамды аулылының аналары белсенділік танытты. Жүн өнімдерімен жұмыс, сабау жасау, «қызғалдақ» төр көрпе тігу сияқты жұмыстарын  мерекеге тарту етті. Елімізде орын алған көктемгі су тасқынына байланысты Алға ауданының аналары қайырымдылық акциясына аянбай үлестерін қосты. Алға ауданы бойынша «Қазақ аналары — Дәстүрге жол» қоғамдық бірлестігінің аналары 1 000 000 теңге қаражат жинап, Ойыл, Ырғыз, Қобда аналарына қайырымдылық жасап, табыстады. Халқымыздың басына төнген қатерді бірге еңсеруге атсалысып, көмек қолдарын созды.

Алға қаласында құдасының үйінде паналап отырған Ойыл ауданының тұрғыны Сая апайға азық — түлік пен тұрмысқа қажетті заттармен қамтамасыз еткен Үшқұдық ауылының аналары  да қалыс қалмады. Сонымен қатар, Құрбан айт мерекесіне орай, Ақтөбе қаласында тұратын көп балалы Жетесовтер отбасына 40.000 теңге табыстап, қолдау көрсетті.

Асыл әжелеріміз өнерден де құр алақан емес. Әрқайсысының бойында өнерлері бар. Біреуі ән айтса, біреуі сырнай тартады, билейді.  Алға Мәдениет үйінің ұйымдастыруымен өткен  «Әжелер  сайысында»  «Қазақ аналары  — Дәстүрге  жол» Алға филиалының аналары Тәжіғұлова Аққағаз  бас жүлде 50 000 теңге, Бірінші орын Молдабекова Балдай 40 000 теңге және ынталандыру сыйлығы Казыкенова Қымбат  10 000 теңге жеңіп алды.

2024 жылы Қарақұдық, Маржанбұлақ, Тоқмансай, Үшқұдық ауылында «Қазақ аналары — Дәстүрге жол» ҚБ  филиалдары салтанатты түрде ашылды. Абай Құнанбаевтың туған күніне және Халықаралық тілдер мерекесіне орай,  әжелеріміз табиғат аясында бас қосып, мәдени шара өткізді. «Дәстүр  жолы — ұлтты ұлықтайтын жол» этнофестиваліне Алға ауданының аналары ұлттық тағамдарының түр-түрін дайындады. Сонымен бірге ұлттық киімдер көрмесіне қатысып, белсенділік танытты. Алға ауданынан барған 18 ана көрменің көркін кіргізді.

Ақай ауылында «Туған жердей жер болмас» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылып, шет ел қонақтары және профессорлардың қатысуымен кездесу өтті. Татарстан Республикасы Елабуги қаласынан келген қонақтар және Бугурстаннан келген қонақтар рахмет айтып, ризашылық білдірді.

С.Бәйішов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында өткен «Тары — еккен тарықпас» атты шарада студент жастармен Тоқмансай ауылының анасы ауласына тары дақылын егіп, мол өнім алған Казыкенова Кымбат апаймен кездесу өтті. 1 қазан — Қарттар күніне орай, қарттар мекемесінде тұрып жатқан бірнеше ата — әжелерге «Арсенал» мейрамханасынан дәм ауыз тигізу дәстүрі бойынша қайырымдылық дастархан ұйымдастырылып, қам көңіл адамдардың көңілін аулады. Ауыл күндеріне орай Ақай аналары, «Киелі ақ кимешек» топтамасын дайындап, көпшілікке ұсынды. Топтама авторы, осы бірлестіктің төрағасы — Балдай Молдабекова. Ақай ауылында «Ауыл шаруашылығы күніне» орай бұрынғы «Парижская коммуна» колхозшылармен Ақай көрме залында кездесу ұйымдастырылды. «Тәрбиелі адам — тағаланған атпен тең» тақырыбында Кымбат Казыкенова және т.б аналардың қытсуымен «AQTOBE»  телеарнасына сұхбат берілді. Ақай ауылында «Дәуір дефилесі» бойынша бейнероликтер түсірілді. «Сыбаға» акциясы аясында Үшқұдық ауылының аналары қарынға салынған май, ет, үлпершек шибауырсақ т.б ұлттық тағамдарды көрсетсе, Қарақұдық ауылының аналары сүт, тары өнімдерін, Тамды ауылының аналары моншақ әсіп, бұжы тағамдарын дайындап, көрмеге ұсынды. Ақай ауылы да қарын салма, жаужүрек, қақталған құйрық май сияқты  ұлттық тағамдарды әзірлеп, гастрономиялық фестивальға қатысты.

Жыл соңында «Қазақ аналары  — Дәстүрге  жол» республикалық төсбелгісімен айрықша еңбек еткен аналар марапатталды:

1.Жумина Ұлболсын

2.Құлжаева Асылхан

3.Кашкинбаева Жұмақыз

4.Байнаханова Зәру

  1. Құламанова Тұрғангүл

«Қазақ аналары — Дәстүрге жол» РҚБ Ақтөбе филиалының төрағасы Табылдинова Нәзира Сәрсенбайқызы 13 анаға мақтау қағазын табыстады. Барлық өткізілген іс-шараларға бағыт-бағдар беріп, қолдау көрсетіп келе жатқан Алға ауданы бойынша «Қазақ аналары — Дәстүрге жол» Республикалық Қоғамдық бірлестігі филиалының төрағасы Кожантаева Күмісай Жұмабайқызының еңбегі орасан зор. Алдағы уақытта да бірлестік жұмысының нәтижелі, жемісті боларына сенім білдіреміз.

Жұмақыз ІЗБАСҚЫЗЫ

«Қазақ аналары – Дәстүрге жол» РҚБ

 Маржанбұлақ ауылдық округі

 бойынша төрайымы