Қазақстан халқы Ассамблеясы – бірлік пен келісімнің кепілі

Кеше елордада өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясында Мемлекет басшысы ел бірлігін сақтау мен нығайтудағы Ассамблеяның маңызын ерекше атап өтті. Президенттің айтуынша, Ассамблея еліміздің қоғамдық ұйымдарымен және институттарымен тығыз байланыста жұмыс істеп, ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге белсене атсалысып келеді.

Қазақстан халқы Ассамблеясы – түрлі этнос өкілдерін біріктіріп, ортақ мақсат жолында жұмылдырушы маңызды қоғамдық институт. Оның жұмысы бейбітшілік пен келісім идеяларын ілгерілетуге, этносаралық татулықты сақтауға бағытталған. Мемлекет басшысы өз сөзінде: «Ассамблея – бұл еліміздегі тұрақтылық пен бірліктің берік негізі», – деді.

Президент Ассамблеяның тек этностар арасындағы келісімді нығайтып қана қоймай, азаматтық қоғамның дамуына, қоғамдық сананы жаңғыртуға да елеулі үлес қосып отырғанын ерекше атап өтті. Бұл орайда, ұйымның ғылыми-сараптамалық кеңесі, жастар қозғалысы мен медиа жобалары нақты нәтижелерге қол жеткізіп отыр.

Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі – еліміздегі бейбіт өмір мен тұрақты даму кепілі. Бұл ұйымның жұмысы Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, Қазақстанның болашағы үшін маңызды стратегиялық мәнге ие. Бірлік пен келісімді сақтау – баршамызға ортақ міндет. Ассамблея осы міндетті абыроймен атқарып келеді.

Байтақова Жұмагүл Сагындыковна
Қарабұлақ ауылдық округінің аналар кеңесінің төрағасы