Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясында Мемлекет басшысының еліміздің негізгі құндылықтарына тоқталуы — қоғам үшін аса маңызды әрі өзекті мәселе. Бұл ел ішіндегі бірлік пен татулықты нығайтуға бағытталған қадамдардың бірі деп айтуға болады.
Президенттің басты құндылықтар ретінде атап өткен ұғымдары – бейбітшілік, келісім, тұрақтылық, әділдік және ұлттар арасындағы достық – еліміздің дамуы мен болашағы үшін іргетас болып табылады. Әсіресе, көпұлтты және көпконфессиялы мемлекет жағдайында мұндай құндылықтардың рөлі ерекше.
Осы сессияда айтылған ойлар қоғамда толеранттылық пен өзара құрметті арттырып, әр азаматтың ел болашағына деген жауапкершілігін сезінуге үндейді. Бұл тек мемлекеттік саясаттың емес, әр қазақстандықтың жеке ұстанымына айналуы тиіс.