Халықтың игілігі үшін тағы бір маңызды мәселе өз шешімін тапты. Ұзақ уақыт бойы көтеріліп келген Есет батыр – Алға бағыты бойынша қоғамдық көлік қатынасын ұйымдастыру туралы тұрғындардың өтініші орындалып, көптің күткен қуанышы іске асты.
Ендігі жерде ауыл мен аудан орталығы арасында күнделікті қатынайтын көлік бар. Бұл жолаушылар үшін үлкен жеңілдік болары анық. Қоғамдық көлік қызметін ұйымдастыру құқығы «Самира» жеке кәсіпкерлігіне берілді. Қала мен ауыл арасында жүретін Газель көлігі бекітілген кесте бойынша қозғалады. Жолақы құны – 250 теңге.
Қозғалыс кестесі келесідей:
Алға қаласындағы аялдамалар:
Бұл бастама – аудан тұрғындарының әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған нақты қадам. Әсіресе жұмысқа, ауруханаға немесе базарға қатынайтын жолаушылар үшін бұл – таптырмас мүмкіндік.
Мадина ТАЖИБЕКОВА