Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының дәстүрлі сұқбаты 2024 жылдың қорытындысын нақты әрі мазмұнды түрде айқындап берді. Президенттің ел алдында ашық сұқбат беруі халыққа мемлекетте атқарылып жатқан жұмыстардың шынайылығын көрсетуімен маңызды.
2024 жылы Қазақстан көптеген сынақтардан сүрінбей өтіп, елдің дамуы мен тұрақтылығын сақтауға бағытталған нақты қадамдар жасады. Әсіресе, көктемгі табиғи апат кезінде тұрғындарға жасалған қызмет– халықтың әл-ауқаты мен мемлекеттің әлеуметтік жауапкершілігін айқын көрсететін қадам болды.
Президенттің бұл сұқбаты тек өткен жылды қорытындылап қана қоймай, болашаққа бағытталған жоспарларды айқындап, қоғамның әрбір мүшесіне үлкен сенім сыйлады.
Шын мәнінде, Қасым-Жомарт Тоқаевтың шынайы және уақтылы шешімдері «Әділетті Қазақстан» құру жолындағы жоғары жауапкершіліктің айқын көрінісіне айналды.
Бердембаева Гулзира Сисеновна-Бестамақ орта мектебінің мұғалімі