Бүгін көпшіліктің назарын аударған Президенттің сұқбатын мен де оқып шықтым.
Артық сөзі жоқ, нақтылығы басым сұқбатта айтылған пікірлердің барлығы бұған дейін халық талқысында болған тақырыптар екенін көріп, қуанып қалдым.
Былтыр Президентіміз Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталған болатын.
Игі бастама еліміздің барлық өңірді қамтыды. Акцияға қала, аудан және ауыл тұрғындары барлығы бір адамдай жұмыла қатысты. Осы бастама нәтижесінде табиғаттың адам өмірінде маңызы зор екендігі айқындала түсті.
Жалпы, тазалыққа бағытталған акцияның астарында үлкен саясат жатыр.
Бір ғана акция аясында қатысушылар бір-бірімен араласып, орталары кеңейді, ұжымдық жұмыс қалыптастырды, тазалық ұғымын нығайтты, патриоттық сезімдері артты.
Осындай өте нәзік байланысты ескеріп, үлкен акцияны бастаған Мемлекет Басшысының әрбір істе мұқият екенін аңғардым.
Кемеңгер басшымыздың кемел бастамалары жарқын болашаққа бастарына сенемін.
Азиза Кашапова,
Белсенді жас