Құрметті Алға ауданының тұрғындары!

Сіздерді шын жүректен келе жатқан Жаңа 2025 жылмен құттықтаймын!

Жаңа жыл – жаңа мүмкіндіктердің, үміт пен армандардың белгісі десе де болады. Өтіп бара жатқан 2024 жыл ауданымыз үшін табыстарға толы жыл болды. Ауданымыздың әлеуметтік және экономикалық дамуында көптеген оң өзгерістер орын алуда. Жаңа мектеп пен медициналық пункттер, әкімшілік ғимараттар ашылып, жолдар жөнделіп, тұрғындардың әл-ауқатын көтеру үшін бірқатар маңызды жобалар жүзеге асырылуда. Бұл жетістіктер – баршаңыздың ортақ еңбегіңіздің нәтижесі.

Әрине, біз үшін қашанда аудан тұрғындарының ауызбіршілігі мен ынтымағы басты құндылық болып саналады.  Ұрпақтарымыздың болашағы үшін жасаған әрбір игі ісіміз әрқашанда өз жемісін береді деген сенімдемін.

Алдағы 2025 жыл әр отбасы үшін берекелі, тыныштық пен қуанышқа толы жыл болғай. Жаңа жылда сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық пен баянды бақыт тілеймін!

Жаңа жыл құтты болсын!

Ізгі ниетпен,

Алға ауданының әкімі

Асланбек Шүйіншәлиев