Құрметті достар!

24 мамырдан бастап Отбасы банк тұрғын үй саласындағы Ұлттық даму институты ретінде жұмыс істей бастайды.

ТҰРҒЫН ҮЙ ҚАЛАЙ БӨЛІНЕДІ?

ЖАЛПЫ ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ 70%-Ы КЕЛЕСІ САНАТТАРҒА БЕРІЛЕДІ:
— ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРҒА ТЕҢЕСТІРІЛГЕН ТҰЛҒАЛАР
— ЖЕТІМ БАЛАЛАР
— КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАР
— МҮГЕДЕКТІГІ БАР БАЛАЛАРДЫ ТӘРБИЕЛЕП ОТЫРҒАН ОТБАСЫЛАР
— І ЖӘНЕ ІІ ТОП МҮГЕДЕКТЕРІ
— ЖЕСІР ӘЙЕЛДЕР МЕН ЕРЛЕР

ҚАЛҒАН 30%-Ы БАСҚА САНАТТАҒЫ АЗАМАТТАР АРАСЫНДА БӨЛІНЕДІ.

БАСТЫ ІРІКТЕУ КРИТЕРИЙЛЕРІ – КЕЗЕККЕ ТҰРҒАН КҮН МЕН ЖЫЛЫ. Енді банк тұрғын үйге мұқтаж жандардың есебін жүргізіп, “бір терезе” қағидаты бойынша жұмыс істейді – кезекке қоюдан бастап, армандаған пәтерге қол жеткізгенге дейінгі барлық кезеңдерде қолдау көрсетеміз.

Жаңалықты жақындарыңызға жіберіп бөлісіңіз – әрбір қазақстандық тұрғын үй жағдайын жақсартуға мүмкіндік алсын!

#отбасыбанк#кезек#есеп#үй#баспана