«Қыста ауланы қардан тазалаймыз»

Алға қаласындағы «Гүлдер» балабақшасында ата-ана мен білім беру ұйымының арасындағы тығыз байланысты қалыптастыру, олардың жауапкершілігін арттыру мақсатында «Қыста ауланы қардан тазалаймыз» атты іс-шарасы ұйымдастырылды.

Шараның міндеті – ата-ананың, соның ішінде әкелердің бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін сезіндіру, өз баласының тәрбиеленіп жатқан балабақшасына қол ұшын созу, балаларына үлгі көрсету.

Осындай мақсатпен бастау алған шараға «Раушангүл» тобының ата аналары белсенді түрде қатысып, ізгі іс жасады. Баланы тәрбиелеуде алдымен өзіңнен баста деген қағиданы ұстанған ата-аналар бір деммен аз уақыттың ішінде балабақша ауласын қардан тазалап, қамқорлықтарын көрсете білді.