Қызылша – инфекциялық жұқпалы ауру. Ол көбінесе балаларда кездеседі. Ауруға қарсы екпе алмаған адамның қызылшаны жұқтырып алуы әбден мүмкін.
Вирус ауа тамшылары арқылы
- сөйлескенде;
- жөтелгенде;
- түшкіргенде ауру адамның сілекейімен сыртқы ортаға тарайды.
Ауырып, жазылған адамда өмір бойы қызылшаға қарсы иммунитет сақталады. Қызылшамен ауырмаған және оған қарсы вакцина алмаған адам кез келген жаста вирусты жұқтырып алуы мүмкін.
Аурудың негізгі белгілері:
- әлсіздік;
- дене қызуының көтерілуі;
- қабақтың ісінуі;
- бас ауруы;
- ұйқысыздық;
- жалпы мазасыздық;
- тамаққа тәбеті болмауы;
- шырышты секрециясы бар күшті ринит;
- құрғақ жөтел;.
- конъюктивит;
- 3-8 күнде денесіне бөртпе шыға бастау.
Қызылшаның алдын алу — бұл вакцинация
Қызылшаға қарсы егу профилактикалық егу күнтізбесіне кіреді. Алғашқы вакцинация 12-15 айлық дені сау балаларға жасалады. Вакцинаны қайта жасау (ревакцинация) 6 жасында, мектеп алдында жүзеге асырылады.
Вакцинада баланың иммунитетін дамытатын тірі қызылша вирустары бар. Вакцинацияға реакция әртүрлі болуы мүмкін. Баланың дене қызуы кейде 37,5 – 38 градусқа дейін көтеріледі. Бұл вакцинациядан кейін 5-8 күн ішінде болуы мүмкін және үш күнге дейін созылатын кездер болады. Қазақстанда қызылша, қызамық және паротитке қарсы вакцина тегін.
Қызылшадан қорғау үшін ұсынамыз:
- ата-аналарға баласының қызылшаға қарсы егу мәртебесін тексеру, вакцинация болмаған жағдайда қызылшаға қарсы профилактикалық егу алу;
- катаральды құбылыстармен (дене температурасының жоғарылауы, бас ауруы, әлсіздік) және бөртпелермен аурудың алғашқы белгілері пайда болған кезде дәрігерді үйге шақырып, тексеруден өтіп, оның барлық ұсыныстарын орындау қажет;
- сапарларды, саяхаттарды жоспарлау кезінде азаматтарға шығу жоспарланған елдегі инфекциялар бойынша эпидемиологиялық жағдайды білуге және қорғаныс шараларын қабылдауға кеңес беріледі. Ал қызылша жағдайында – бұл вакцинация.
«Қазақстан Республикасының халқының арасында қызылшамен сырқаттанушылықтың одан әрі таралуының алдын алу және елдегі эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында «Қызылшаға қарсы санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шаралар жүргізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2023 жылғы 1 қарашадағы №7 қаулысы шығарылды. Көрсетілген қаулыға сәйкес ағымдағы жылдың 6 қарашасынан бастап қызылшаға, қызамыққа және паротитке (ҚКП) қарсы 6-11 айлық балаларға, желтоқсаннан бастап – қызылшаның егу мәртебесіне қарамастан 2-4 жастағы балаларға қосымша жаппай иммундауды (ҚЖИ) жүргізу босталды.
Дәл қазірігі кездегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты Алға аудандық әкімшілігі, Алға аудандық аурухана, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы, білім бөлімі бірлесе мобильді топ құрып аудандық мектептерде ата-аналармен кездесу ұйымдастырып, ата-аналарға «Екпенің маңыздылығы туралы» толық түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. 2024 жылдың 7 қаңтарына дейін Алға ауданының тұрғындары арасында қызылшаның 218 жағдайы тіркелді, оның ішінде 94 жағдайы зертханалық расталды, 120 жұмыс барысында. 4 жағдайы клиникалық жолмен расталды.
Өзіңізді және жақындарыңызды қызылшадан сақтап қалу үшін вакцина алуға кеңес береміз!
М.Сейілханова,
салауатты өмір салтын қалыптастыру дәрігері