Ресми жұмыс істейтін азаматтың жеке кәсібі болса, ол үшін МӘМС жарнасын төлеу керек пе
Азамат ресми жұмысқа орналасқан, жұмыс берушіол үшін төлемдер жасайды. Одан бөлек бұлазаматтың жұмыс істеп тұрған жеке кәсібі бар, мұндай жағдайда ол ЖК атынан МӘМС-ке жарнатөлеу керек пе?
Жеке тұлғалар, оның ішінде жалдамалыжұмыскерлер, азаматтық-құқықтық сипаттағы шартбойынша жұмыскерлер және жеке кәсіпкерлерМӘМС жарналарын төлеушілер болып табылады(«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырутуралы» Заңның 14-бабының 2-тармағы).
Егер жалдамалы жұмыскер кәсіпкерлік қызметті де жүзеге асырса, онда МӘМС төлемдері келесідейболады:
1) жалдамалы жұмыскер ретінде МӘМС-кежарналар қызметкердің табысынан 2% мөлшеріндетөленеді, МӘМС-ке аударымдар жұмыс берушініңесебінен 3% мөлшерінде төленеді;
2) ЖК ретінде төлеуші МӘМС жарналарын да төлейді, бірақ табыстан емес, ең төменгіжалақының 1,4 бөлігінің 5% мөлшерінде жарна(2024 және 2025 жылдары 5950 теңге) төлейді.
Осылайша, егер жеке тұлға жалдамалы қызметкерболып табылса және салық есептілігін (ҚР Салықзаңнамасына сәйкес) ұсынуды тоқтата тұрмағаннемесе әрекетсіз деп танылмаған жеке кәсіпкерретінде тіркелсе, онда МӘМС жарналарын ЖК ретінде төлеу жөніндегі міндет одан алынбайды.