Серік Жұманғарин ҚҚС-ты көтеру кімдерге қатысты болмайтынын нақтылады
АСТАНА. KAZINFORM – Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин жаңа салық реформаның кімдерге қатысы жоқ екенін түсіндірді.

 Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform
— Осы бастамалар аясында (салық реформасы) көптеген сарапшы пайда болғанын көрдік, түрлі мәлімдемелер жасады. Мәселен, кеше ғана өңірлердің бірінде дүкен иелері пікірін айтқан… Біз үнемі халықпен тікелей жұмыс істейтіндердің барлығына – бөлшек сауда нысандарына, яғни соның ішінде үй жанындағы дүкендерге, дүңгіршектерге, мейрамханалар мен шаштараздарға бұл реформа әсер етпейтінін айтып келеміз. Олар бөлшек сауда режимінде жұмыс істеген тәртіпте қызметін жалғастыра береді. Атап айтқанда, олар үшін өзгермейді, — деді Серік Жұманғарин Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Осы орайда ол ҚҚС мәселесі қай бағытты қамтитынын айтты.

— Бұл реформа бөлшектеніп кеткен бизнестің белгілі бір бөлігіне ғана қатысты. Отбасын асырап, халықпен жұмыс істеп, базарда сауда жасайтындарға бұл реформаның әсері жоқ, бөлшек сауда салығы өзгеріссіз қалады, — деді Үкімет басшысының орынбасары.

Еске салсақ, жақында Серік Жұманғарин қосымша құн салығы шегін неліктен көтеру қажет екенін түсіндірді.

Үкімет қосылған құн салығын 20 пайыз көтеру деген шешімге әлі нақты келген жоқ.

Тегтер:
Салық
Серік Жұманғарин
Қосылған құн салығы
Сауда

Руслан Ғаббасов
Автор
Соңғы жаңалықтар
Бурабай көлдерінде квадроциклмен жүруге тыйым салынды
Қырылған итбалықтар бойынша зерттеу қорытындысы осы айда жарияланады
Батыс Қазақстанда 17 мектептің құрылысы жүргізілмек
Алматыда Мырзекен Құсымжанов тұрған үйге мемориалдық тақта орнатылды
Қосылған құн салығының мөлшерлемесі сараланып белгіленуге тиіс — Президент
14:20, 06 Ақпан 2025 | GMT +5
Биыл шегірткемен күреске 7 млрд теңге бөлінеді
АСТАНА. KAZINFORM – Шегірткеге қарсы күреске 7 млрд теңге бөлінеді. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысынан кейінгі баспасөз мәслихатында Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин айтты.

— Таяуда жиналыс өткіздім, биыл 700 млрд (егістік жұмыстарына) бөлдік. Қаражат бөлуді былтыр 29 қарашада бастадық. Кеше «Кең дала» бағдарламасы бойынша 140 млрд бағытталды… Шегірткенің таралуына жол бермеуге арналған 7 млрд теңге дайын, — деді С.Жұманғарин.

Оның айтуынша, биыл шегірткенің таралуы аумағы азайған.

— Менің ойымша, биыл шегіртке мәселесін шешеміз. Тәжірибе жинақтадық, — деді Премьер-Министрдің орынбасары.

Еске салсақ, былтыр күзде Қазақстанда 2025 жылғы көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыру басталды.

Президенттің тапсырмасын орындау шеңберінде 2025 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына 700 млрд теңгеге дейін бағытталады

Биыл Шегірткеге қарсы егістіктерді өңдеуге арналған техниканың саны 2 есе артты.

Тегтер:
Егістік
Серік Жұманғарин
Шегіртке
Қаржы және бюджет

Руслан Ғаббасов
Автор
Соңғы жаңалықтар
Бурабай көлдерінде квадроциклмен жүруге тыйым салынды
Қырылған итбалықтар бойынша зерттеу қорытындысы осы айда жарияланады
Батыс Қазақстанда 17 мектептің құрылысы жүргізілмек
Алматыда Мырзекен Құсымжанов тұрған үйге мемориалдық тақта орнатылды
Қосылған құн салығының мөлшерлемесі сараланып белгіленуге тиіс — Президент
14:14, 06 Ақпан 2025 | GMT +5
Премьер-министрдің орынбасары ҚҚС бойынша шешім қабылдау мерзіміне түсінік берді
АСТАНА. KAZINFORM – Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин қосымша құн салығы бойынша шешім қабылдау мерзіміне түсінік берді.

Коллаж: Kazinform/Freepik
Бүгін Сенаттың жалпы отырысынан кейінгі баспасөз мәслихатында тілшілер ҚҚС-ты көтеру бастамасын кім жасағанын сұрады. Өз кезегінде С.Жұманғарин бұл бастама Үкімет жағынан ұсынылғанын айтты.

— Биылғы 28 қаңтардағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында баяндама жасадым, бәрін анық айттым. Менің баяндамамда 20 пайыз туралы бір сөз айтылған жоқ. Қазір бизнес өкілдерімен, сарапшылармен, өз арамызда пікір алмасу болып жатыр. Содан кейін Үкімет өзінің шешімін қабылдап, Парламентке енгізген кезде мәлім болады. Президент ірі бизнес өкілдерімен кездеседі. Содан кейін мен «Атамекен» алаңына шығып, бұл тақырып бойынша түсінік беремін. Келесі аптадан бастап алты жұмыс тобы бүкіл өңірге сапармен барады. Өңірлерде бизнес өкілдерімен кездесеміз. Оның арасында мәслихат депутаттары да бар. Олармен бәрін талқылаймыз. Содан кейін пікір алмасып, шешім қабылдаймыз, — деді С.Жұманғарин.

Оның айтуынша, қазір ҚҚС-тің деңгейіне қатысты нақты айту ерте. Бұл тұрғыда тілшілер қосымша құн салығына қатысты шешім қабылдау мерзімін сұрады.

— Жақында болған баспасөз мәслихатында шамамен айтқан едім. 20 ақпанға дейін Парламент Мәжілісіне енгізуіміз керек. Себебі онда қазір Салық кодексін толықтыруға қатысты заң жобасы жатыр. Соған біздің түзетулеріміз қосымша болады, — деді Үкімет басшысының орынбасары.

Еске салсақ, жақында Серік Жұманғарин қосымша құн салығы шегін неліктен көтеру қажет екенін түсіндірді.

Үкімет қосылған құн салығын 20 пайыз көтеру деген шешімге әлі нақты келген жоқ.

Тегтер:
Салық
Серік Жұманғарин
Заң
Сенат

Руслан Ғаббасов
Автор
Соңғы жаңалықтар
Бурабай көлдерінде квадроциклмен жүруге тыйым салынды
Қырылған итбалықтар бойынша зерттеу қорытындысы осы айда жарияланады
Батыс Қазақстанда 17 мектептің құрылысы жүргізілмек
Алматыда Мырзекен Құсымжанов тұрған үйге мемориалдық тақта орнатылды
Қосылған құн салығының мөлшерлемесі сараланып белгіленуге тиіс — Президент
13:42, 06 Ақпан 2025 | GMT +5
Серік Жұманғарин: USAID жағдайының бізге ешқандай қатысы жоқ
АСТАНА. KAZINFORM – Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин USAID ұйымына қатысты пікір айтты

— USAID-тің жағдайы — ол АҚШ-тың ішкі саясаты. Олар қандай шешім қабылдайды, солай болады. Оның бізге ешқандай қатысы жоқ», — деді С.Жұманғарин Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Бұған дейін АҚШ USAID-ті неге таратпақ болғанын жазған едік.

АҚШ-тың халықаралық даму агенттігінің (ағыл. United States Agency for International Development, USAID) негізгі миссиясы – шетелдік гуманитарлық көмекті үйлестіру. Нақтырақ айтсақ, өзге мемлекеттермен бірлесе отырып әлеуметтік-экономикалық бағдарламалар әзірлейді.

Жақында ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев Мәжіліс кулуарында АҚШ Халықаралық даму агенттігінің жұмысын тоқтатуы Қазақстанда басталып кеткен жобаларға қалай әсер етіп жатқаны туралы пікір білдірді.

Ал Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов елімізге шетелдік демеушілер бөлетін қаржыға аудит жүргізіп, барлық есеп-қисабын халыққа жариялау керек деп отыр.

Тегтер:
Серік Жұманғарин
ҚР Ұлттық экономика министрлігі
АҚШ
Сенат

Руслан Ғаббасов
Автор
Соңғы жаңалықтар
Бурабай көлдерінде квадроциклмен жүруге тыйым салынды
Қырылған итбалықтар бойынша зерттеу қорытындысы осы айда жарияланады
Батыс Қазақстанда 17 мектептің құрылысы жүргізілмек
Алматыда Мырзекен Құсымжанов тұрған үйге мемориалдық тақта орнатылды
Қосылған құн салығының мөлшерлемесі сараланып белгіленуге тиіс — Президент
14:03, 28 Қаңтар 2025 | GMT +5
Үкімет қосылған құн салығын 20 пайыз көтеру деген шешімге әлі нақты келген жоқ – Жұманғарин
АСТАНА. KAZINFORM – Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Үкіметтің кеңейтілген отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында мемлекеттің ҚҚС мөлшерлемесін көтеру жоспарына түсініктеме берді.

— Қазір БАҚ-та қосылған құн салығының мөлшерлемесін бірден 20 пайызға көтереді екен деген ақпарат тарап жатыр. 20 пайыз деген – әлемде ең көп таралған мөлшерлеме. Біз Үкімет ретінде әзірге нақты мөлшерлемені әлі нақты айқындаған жоқпыз. Шынымды айтып отырмын. Неге? Өйткені біз бизнесмендермен, қауымдастықтармен түрлі консультациялар жүргізіп жатқанымызға бір ай болып қалды. «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының алаңдарында кездесулер өткізіп жүрміз. Бізде бірқатар консультанттар, жетекші экономистер, салық мамандары бар. Олар да түрлі есептер, стресс-сынақтар жүргізіп жатыр, — деді вице-премьер.

Дегенмен, Үкімет бұл бағытта бірнеше сценарий дайындап отырған көрінеді.

— Біз Ұлттық банктің макроэкономикалық моделінің негізінде бірнеше есептеулер жасадық. Бірақ үкімет түпкілікті шешім шығарды деп айтуға ерте. Біз ҚҚС-ті көтеру керек деп отырмыз. Реформа керек. Жалпы Мемлекет басшысы бүгін бұл тұрғыда бізді қолдады. Біз бұрынғы шарттармен өмір сүре алмаймыз. Өйткені қазір заңнаманың «арқасында» кәсіпкерлердің көбіне салық мөлшерін қысқартуға мүмкіндік беретін ресми саңылаулар пайда болған. Мемлекет әлеуметтік міндеттеме, елдің қорғаныс қабілетін арттыру сияқты өз функцияларын атқаруы керек. Егер салық жинамаса, Үкімет ол функцияларды қалай орындайды? Бұл даусыз мәселе деп ойлаймын, — деді Серік Жұманғарин.

Оның пайымдауынша, ҚҚС-тың мәні бұрмаланып отыр және бұл бұрынғы жылдары жүргізілген салық реформаларының салдары.

Тегтер:
Үкімет
Серік Жұманғарин
Экономика
Қосылған құн салығы
Үкіметтің кеңейтілген отырысы

Есімжан Нақтыбай
Автор
Соңғы жаңалықтар
Бурабай көлдерінде квадроциклмен жүруге тыйым салынды
Қырылған итбалықтар бойынша зерттеу қорытындысы осы айда жарияланады
Батыс Қазақстанда 17 мектептің құрылысы жүргізілмек
Алматыда Мырзекен Құсымжанов тұрған үйге мемориалдық тақта орнатылды
Қосылған құн салығының мөлшерлемесі сараланып белгіленуге тиіс — Президент
12:02, 28 Қаңтар 2025 | GMT +5
Қосымша құн салығы шегін неліктен көтеру қажет — Серік Жұманғарин түсіндірді
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанда қосылған құн салығы шегін 15 млн теңгеге дейін төмендету ұсынылды. Бұл шара шағын және орта бизнеске айтарлықтай әсер етпейтіні айтылды.

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Серік Жұманғарин Үкіметтің кеңейтілген отырысында неліктен ҚҚС шегін көтеру қажеттігін түсіндірді.

Қазіргі уақытта Парламентте жаңа Салық кодексінің жобасы талқыланып жатыр. Оған салықтық жеңілдіктерді қысқарту, екінші деңгейлі банктерге, ойын бизнесіне, сән-салтанат бұйымдарына салықты арттыру сияқты бірқатар шара қарастырылған.

Алайда С. Жұманғарин бұл шараларды сапалы экономикалық өсім мәселелерін толық шешуге жеткіліксіз деп отыр.

— Бізде даму бюджеті жеткіліксіз деңгейде, бұл салықтардың аз жиналуымен байланысты. Шоғырландырылған бюджеттің салық түсімдерінің ЖІӨ-ге қатысты үлесі 20%-ды құрайды, ал республикалық бюджеттің салық түсімдерінің ЖІӨ-ге қатынасы тіпті аз — 10,8%. Бұл көрсеткіш дамыған елдерде 40%-дан асады, — деп атап өтті Үкімет басшысының орынбасары.

Негізгі салықтардың бірі — қосылған құн салығы (ҚҚС). Жалпы жиналған салықтар құрылымында ҚҚС-тың үлесі 24%-дан асады.

— Алайда, ҚҚС-тың мәні бұрмаланып отыр, бұл бұрынғы жылдары жүргізілген салық реформаларының салдары. 1995 жылдан 2009 жылға дейін ҚҚС мөлшерлемесі 20%-дан 12%-ға дейін, ал КТС (корпоративтік табыс салығы) 30%-дан 20%-ға дейін төмендетілді. Бұл шаралар салық және инвестиция климатын жақсарту, елде кәсіпорындар мен инвестицияларды көбейтуді мақсат етті. Бір уақытта көптеген салықтық жеңілдіктер беріліп, жалпы салық жүйесі либералданды, ал салықтардың жиналуы азайды. Салықты оңтайландыруға мүмкіндік беретін заңды жолдар пайда болды, бизнес ұсақталып кетті. Ал ҚҚС іс жүзінде 12%-дық бөлшек салыққа айналды, — деп түсіндірді спикер.

Бүгінде елімізде тіркелген 2 миллион 300 мыңнан астам салық төлеушінің 137,7 мыңы ғана ҚҚС төлейді, бұл жалпы санының 6%-ы ғана. Олардың ішінде нақты ҚҚС төлейтіндер 88 мың немесе барлық салық төлеушілердің 4%-ы ғана.

— Негізгі себептердің бірі — ҚҚС бойынша тіркеу шегінің жоғары болуы (78 миллион теңге). Сондықтан, бірінші кезекте, біз ҚҚС шегін 15 миллион теңгеге дейін төмендетуді ұсынамыз. Қазіргі таңда осы шектерде ШОБ-тың 80%-ы жұмыс істейді, сондықтан бұл шара олардың көпшілігіне айтарлықтай әсер етпейді. ЭЫДҰ елдерінде ҚҚС тіркеу шегі бұдан да төмен, ал кейбір жетекші экономикаларда ол тіпті нөлге тең. Осылайша, ҚҚС қайтадан есептеуге арналған салыққа айналады, — деді Серік Жұманғарин.

Айта кетейік, Астанада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр. Онда еліміздің 2024 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары шығарылып, Үкіметтің алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттері белгіленеді.

Бұған дейін Kazinform агенттігі Үкіметтің былтырғы кеңейтілген отырысында берілген тапсырмалар қаншалықты орындалғанын талдап көрген еді.

Тегтер:
Серік Жұманғарин
Экономика
Қосылған құн салығы
Үкіметтің кеңейтілген отырысы

Айжан Серікжанқызы
Автор
Соңғы жаңалықтар
Бурабай көлдерінде квадроциклмен жүруге тыйым салынды
Қырылған итбалықтар бойынша зерттеу қорытындысы осы айда жарияланады
Батыс Қазақстанда 17 мектептің құрылысы жүргізілмек
Алматыда Мырзекен Құсымжанов тұрған үйге мемориалдық тақта орнатылды
Қосылған құн салығының мөлшерлемесі сараланып белгіленуге тиіс — Президент
15:44, 21 Қаңтар 2025 | GMT +5
Қазақстан елшілігі Ресей СІМ-іне нота жолдады
АСТАНА. KAZINFORM – Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Мәжіліс депутаттарының сауалына жолдаған жауапта Ресей тарапы Қазақстанға Еуропадан транзиттелетін тауарлардың неге кешігіп жатқанын түсіндірді.

— Ресейлік кеден қызметтерінің қазақстандық тасымалдаушыларды ұстауы Ресей Федерациясы Үкіметінің 2022 жылғы 9 наурыздағы № 313 қаулысының 2024 жылғы 15 қазандағы түзетулерінің қолданылуына байланысты жүргізіледі. Бұған дейін тізбеге сәйкес жекелеген тауар түрлерін елдерге (ЕО елдері және т.б.) әкетуге тыйым салу қосымша тауарларға таратылған. Аталған өзгерістер бірқатар тауарларды (ұшқышсыз ұшу аппараттары, әскери киім, электр генераторлары, аккумуляторлар және т.б.) Ресей аумағынан белгілі бір мемлекеттер мен аумақтарға (Еуропа, АҚШ, Украина және т. б.) әкетуге қосымша шектеулер енгізеді. Бұл ретте Ресей тарапы осы түзетулер енгізілгенге дейін қазақстандық тарапты хабардар етпей, осы шектеулерді біржақты тәртіппен енгізді, — деп жазады вице-премьер.

Шектеу салдарынан Қытайдан Еуропалық Одақ елдеріне Қазақстан мен Ресей Федерациясының аумақтары арқылы транзитпен өтетін 20 көлік шекарада қаңтарылған.

— Бұл тауарлар өткен жылдың қазан айында әкетуге тыйым салынған тауарлар тізіміне қосылды. Айта кету керек, Ресей Федерациясының аумағынан тауарларды әкетуге салынған тыйымдар мен шектеулерді сақтамау Ресей заңнамасына сәйкес 50 мыңнан 300 мың рубльге дейін әкімшілік айыппұл түрінде, тауарларды тәркілеумен немесе онсыз әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады. Осы жағдайды шешу үшін Қазақстанның Сауда және интеграция, Сыртқы істер министрліктері Ресей Федерациясының уәкілетті органдарымен келіссөздер жүргізуде. Сауда және интеграция министрлігі Ресей Федерациясының Экономикалық даму министрлігіне аталған көлік құралдарын межелі жерге шығару немесе оларды Қазақстанға қайтару мәселелерін шешу туралы хат жолдады. ЕАЭО кедендік аумағынан кеткен кезде ұсталған тауарлар декларантқа немесе өзге де тұлғаларға қайтарылады, — деп жазылған жауапта.

Мәскеу бұл мәселені Ресейдің өзіне санкция салған елдерге қарымта жауабы деп түсіндіріп отыр.

— Сондай-ақ, Қазақстанның Ресейдегі Елшілігі осы мәселені шешу туралы РФ Сыртқы істер министрлігіне тиісті нота жолдады. Ресей тарапының ақпаратына сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағынан түсетін жүктерге қатысты көрсетілген шаралар экспорттық бақылау шараларына сәйкес қолданылады және Ұлттық құзыретке жатады. Бұдан басқа, тауарлардың жекелеген түрлерін әкетуге тыйым салу оларды Ресей Федерациясы үшін «достық емес» елдердің пайдалануына жол бермеу үшін енгізілді. Жалпы, бұл мәселелер Үкіметтің тұрақты бақылауында, жақын арада бұл мәселені екіжақты форматта да, Еуразиялық экономикалық комиссия алаңында да талқылау жоспарлануда, — дейді Серік Жұманғарин.

Еске салсақ, 1 ақпаннан бастап Қазақстандағы Әлімбет пен Сырым өткізу пунктерінің жабылуына байланысты Ресейдің Орынбор облысындағы Қазақстанмен шекарадағы өткізу пунктінің жұмысы уақытша тоқтатылады.

Тегтер:
Серік Жұманғарин
ҚР Ұлттық экономика министрлігі
Экономика

Есімжан Нақтыбай
Автор
Соңғы жаңалықтар
Бурабай көлдерінде квадроциклмен жүруге тыйым салынды
Қырылған итбалықтар бойынша зерттеу қорытындысы осы айда жарияланады
Батыс Қазақстанда 17 мектептің құрылысы жүргізілмек
Алматыда Мырзекен Құсымжанов тұрған үйге мемориалдық тақта орнатылды
Қосылған құн салығының мөлшерлемесі сараланып белгіленуге тиіс — Президент
16:32, 16 Қаңтар 2025 | GMT +5
Биыл Қызылордада үш зауыт іске қосылады – Үкімет
АСТАНА.KAZINFORM —   Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин экономиканың нақты секторын дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді, онда Қызылорда облысының инвестициялық дамуы қаралды.

Фото: ҚР Үкіметі
Былтыр жалпы құны 1,9 трлн теңгені құрайтын 86 инвестициялық жобаны іске асыру жөніндегі бес жылдық бағдарлама шеңберінде өңірде 411 жаңа жұмыс орнын ашқан 37 млрд теңгеге 21 жоба іске асырылды. Оның ішінде 6 жоба құрылыс материалдарын өндіру бойынша, 10 жоба агроөнеркәсіптік салада, 1 жоба көлік логистикасы саласында, қалғандары сауда және білім беру саласына қатысты. Ірі жобалардың қатарында Қорқыт ата әуежайының жаңа терминалы бар. 2025 жылы Қызылорда облысында мыңға жуық жұмыс орнын құрып, 30,8 млрд теңге өнім шығаруға мүмкіндік беретін 275,3 млрд теңгені құрайтын 24 жобаны іске қосу жоспарлануда. Ірі зауыттардың қатарында қуаты жылына 90 млн дана кірпіш шығару, түйе сүтінен жылына 392 тонна ұнтақ өндіру, жолаушылар вагондарын жөндеу, техникалық қызмет көрсету және салу жөніндегі жобаның бірінші кезеңі, қуаты 240 МВт болатын жаңа ЖЭО құрылысы бар.

— Алдағы уақытта жалпы қуаты 141 МВт болатын 4 күн және 1 жел электр стансасының құрылысын жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз. Облыстың электр энергиясына деген сұранысы тәулігіне 200 МВт-ты құрайды, өңірде жалпы қуаты 89 МВт болатын 9 күн электр стансасы жұмыс істейді. 5 жоба іске қосылғанда өңіріміз толығымен жасыл энергетикаға көшеді, — деп атап өтті облыс әкімінің орынбасары Ардақ Зебешев.

ҚР СІМ Инвестициялар комитеті қатысушыларға Ұлттық цифрлық инвестициялық платформаны яғни инвесторлардың, мемлекеттік органдардың және квазимемлекеттік сектордың өзара іс-қимылы үшін бірыңғай терезе мүмкіндіктерін таныстырды. Бүгінде платформа пулында 836 жоба бар, оның 246-сын осы жылы жүзеге асыру жоспарлануда.

Кеңесте облыстағы екі ірі инвестициялық жобаны жүзеге асыруға қатысты түйткілді мәселелер талқыланды. Бұл «Шалқия» полиметалл кен орнының тиімділігін арттыру және кальцийлендірілген сода өндіретін зауыт салу.

Атап айтқанда, тағамдық және өнеркәсіптік ас тұзын, полипропиленді қапшықтар шығаратын «Аралтұз» АҚ қазіргі таңда Қазақстандағы кальцийленген сода шығаратын алғашқы зауыт құрылысының жобасын іске асыруда. Шыны бөтелкелерді өндіруге қажетті бұл шикізат компоненті елімізде толығымен импортталады. Жоба айтарлықтай инвестицияларды қажет етеді, несиелік қаржыландыру мерзімдері мен шарттарын ұзарту бойынша мәселелер бар. Вице-премьер тиісті қаржы институттарына жобаны қолдау үшін барлық мүмкіндіктерді қарастыруды тапсырды.

— Мемлекеттік органдар инвестициялық жобаларды жүзеге асырудағы кедергілерді жоюда бизнеске барынша көмек көрсетуі керек. 2025 жылға арналған 246 жобаның мақсаты – жақсы көрсеткіш, оған жету үшін мүмкіндігінше барлық кедергілерді жойып, уақытылы қаржыландыруды қамтамасыз ету керек. Ол үшін қысқа мерзім ішінде Инвестициялар комитеті Өнеркәсіп министрлігімен және әкімдіктермен бірге басым сала әрі жоғары қосылған құн қағидаты бойынша жобаларды градациялауды жүргізуі қажет. Сонымен қатар нәтижелерге сүйене отырып, оларды жүзеге асыруға қолдау білдіруі керек, — деп қорытындылады жиынды Серік Жұманғарин.

Еске сала кетейік, бүгін Үкіметте Олжас Бектенов жалға берілетін жеңілдікті тұрғын үй бағдарламасын кеңейту қажет деген мәселе көтерген болатын.

Тегтер:
Қызылорда
Үкімет
Серік Жұманғарин
ҚР Үкіметі
Инвестициялар

Бақытгүл Абайқызы
Автор
Соңғы жаңалықтар
Бурабай көлдерінде квадроциклмен жүруге тыйым салынды
Қырылған итбалықтар бойынша зерттеу қорытындысы осы айда жарияланады
Батыс Қазақстанда 17 мектептің құрылысы жүргізілмек
Алматыда Мырзекен Құсымжанов тұрған үйге мемориалдық тақта орнатылды
Қосылған құн салығының мөлшерлемесі сараланып белгіленуге тиіс — Президент
12:30, 31 Желтоқсан 2024 | GMT +5
2025 жылы Ұлттық экономика министрлігі өңірлерде белсенді жұмыс істейді
АСТАНА. KAZINFORM – Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша экономиканың нақты секторын дамыту шаралары бойынша бірінші көшпелі кеңесті Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин 30 желтоқсанда Қарағанды облысында өткізді.

Республикалық кеңеске қатысушыларға, яғни, қаржы институттарының, екінші деңгейлі банктердің, барлық өңір әкімдігінің, ірі квазимемлекеттік компаниялардың басшыларына, ҚР СІМ Инвестициялар комитетінің төрағасы Ғабидолла Оспанқұлов Ұлттық цифрлық инвестициялық платформаны таныстырды.

Бұл платформа инвесторлардың, мемлекеттік органдардың және квазимемлекеттік сектордың өзара іс-қимылына арналған «Бірыңғай терезе» саналады. Жүйеде Қазақстанның инвестициялық саясатының толық бейнесін қалыптастыру үшін барлық қатысушы арасында қажетті ақпарат алмасу процесі автоматтандырылған. Бүгінгі таңда платформа пулында 836 жоба бар, оның 60-ы «жасыл дәліз» аясында жүзеге асырылып жатыр.

Сондай-ақ кеңесте индустриялық саладағы және ауыл шаруашылығындағы инвестициялық жобалардың іске асырылуы туралы ақпарат берілді. Атап айтқанда, 2024 жылы жалпы сомасы 1,3 трлн теңгеге 180-ге жуық жаңа өнеркәсіптік өндіріс іске қосылып, шамамен 14,4 мың жұмыс орны құрылды. Салаларға шаққанда, инвестиция көлемі 196,3 млрд теңгені құрайтын 34 жобамен құрылыс материалдары өндірісі, 110,7 млрд теңгені құрайтын 33 жобамен тамақ өнеркәсібі, 92,9 млрд теңгені құрайтын 32 жобамен машина жасау саласы көш бастап тұр.  Өңірлерге шаққанда, инвестицияның ең көп көлемі Алматы (315,9 млрд теңге сомасындағы 15 жоба), Ақтөбе (200,4 млрд теңгелік 5 жоба), Жамбыл (175,5 млрд теңгелік 13 жоба) және Қостанай облыстарына (152,7 млрд теңгелік 13 жоба) тиесілі.

Ең ірілерін айтсақ, Қостанай облысындағы «KamLitKZ» ЖШС жүк автомобильдерінің құрамдас бөліктері, Қарағанды облысындағы «Kyzyl Aray» ЖШС катодтық мыс, Алматы облысындағы «Жетісу Вольфрамы» ЖШС «Бұғыты» вольфрам кен орындарын өнеркәсіптік игеру. Ауыл шаруашылығында 11 айдағы қорытынды бойынша 250 млрд теңгеге 258 инвестициялық жоба іске асырылды. Бұлар Павлодар облысындағы 1 800 басқа арналған «Кронос-Павлодар» тауарлы-сүт фермасының құрылысы, Жамбыл облысындағы 30 млн жұмыртқаға арналған «Алель агро» құс фабрикасына арналған инкубатор, Ақмола облысындағы қуаты 3,3 мың тонна «IL-TOV» жартылай фабрикаттар өндірісі, Маңғыстау облысындағы 40 мың тонна «Ақтау КТО» көкөніс қоймасы және басқалары.

«Ұлттық экономика министрлігі келесі жылы экономиканың нақты секторын дамытуға баса назар аударады. Бұл салықтан түсетін, ЖІӨ-ге қосымша үлес қосатын және баламасы жоқ табыс. Жергілікті атқарушы органдар соңғы жылдары жеткілікті бюджеттік дербестікке ие болды. Біз бизнесті және нақты жобаларды қолдауға арналған еркін қаражатты ұсынамыз. Өз өндірісімізді дамытуымыз керек. Инвестициялық жобалардың ұлттық пулына салынған барлық жобалар мен жол карталары әкімдердің рейтингіндегі №1 тармаққа айналуы тиіс. Бұл әрі үлкен экономика, қазіргі кезде бізге қажет қарапайым заттардың да экономикасы. Ұлттық экономика министрлігі жақын арада айналысатын мәселе де осы», — деп атап өтті кеңесті қорытындылай келе Серік Жұманғарин.

Сол күні вице-премьер – ұлттық экономика министрі «Qarmet» АҚ, «Saran» индустриялық аймағы, «Сарыарқа» АЭА кәсіпорындарының өндірісімен және одан арғы даму жоспарларымен танысты. «Saran» аумағында қазақстандық «QazTechna» кәсіпорны автобустар мен арнайы техниканы, «Tengri Tyres» автомобиль шиналарын, «Silk Road Electronics» ЖШС тұрмыстық техника өндірісін жолға қойып отыр. Жақында ғана «Silk RoadElectronics» ЖШС Samsung Electronics компаниясымен премиумды қоса алғанда, Samsung теледидарларының өзекті желісін шығару туралы келісімге қол қойды. «Saran» аумағында 2,5 мыңнан астам жұмыс орнын құру арқылы 109,7 млрд теңге сомасындағы тағы алты ірі жобаны іске асыру жоспарланып отыр.

«Сарыарқа» АЭА аумағында Серік Жұманғарин кремний кластерін құру жобасының даму қарқынын тежейтін өзекті проблемаларға құлақ салды. Бизнес көтерген барлық мәселе оны шешуге алдағы уақытта жәрдемдесу үшін бақылауға алынды.

Тегтер:
Үкімет
Серік Жұманғарин
ҚР Ұлттық экономика министрлігі
Экономика
Жұманғарин

Абылайхан Жұмашев
Автор
Соңғы жаңалықтар
Бурабай көлдерінде квадроциклмен жүруге тыйым салынды
Қырылған итбалықтар бойынша зерттеу қорытындысы осы айда жарияланады
Батыс Қазақстанда 17 мектептің құрылысы жүргізілмек
Алматыда Мырзекен Құсымжанов тұрған үйге мемориалдық тақта орнатылды
Қосылған құн салығының мөлшерлемесі сараланып белгіленуге тиіс — Президент
14:31, 30 Желтоқсан 2024 | GMT +5
10 жылда алғаш рет әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының өсуі баяулады
АСТАНА. KAZINFORM — Жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының орташа баға индексі 1,3%-ды құрап, соңғы 10 жылдағы ең төменгі көрсеткішке жетті, деп хабарлайды Сауда және интеграция министрлігі.

Фото: Сауда және интеграция министрлігі
Мұндай мәліметтер 29 желтоқсан күні әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасын тұрақтандыру мәселелері бойынша вице-премьер — ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен жиында айтылды.

Орташа баға индексі төмендеген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының ішінде қарақұмық жармасы (-35,0%), сәбіз (-9,2%), күріш (-8,2%), ұн (-6,6%), қант (-3,3%), қырыққабат (-0,8%) және күнбағыс майы (-0,4%) бар. Биылғы жылы нәтижелі жұмыс атқарып, баға индексі 4 өңірде төмендеді. Олар — Түркістан облысы (-2,8%), Ұлытау облысы (-2,8%), Астана қаласы (-1,5%) және Қызылорда облысы (-0,6%).

Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанова атап өткендей, бағаға мемлекеттік бақылау жүргізу құзыреті министрлікке берілгеннен бері әкімшілік шаралардың қолданылуы былтырғы жылмен салыстырғанда 5 есеге артқан. Мемлекеттік бақылау күшейтіліп, өңірлік комиссиялардың жұмысы электронды шот-фактураларды талдау арқылы жақсартылды.

— Өңірлік комиссиялардың 1,4 мыңнан астам отырысы өтіп, 1 441 заңбұзушылық анықталды. 9,2 мың тауар жеткізу тізбегі талданып, 3,7 мыңнан астам заң бұзу тәуекелі анықталды. 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап сауда үстемесін асырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікті күшейту жұмыстары жоспарлануда. Бұл қатаңдатуда ескерту орнына сауда субъектісінің категориясына байланысты 5-тен 150 АЕК-ке дейін әкімшілік айыппұл салу қарастырылған, — деп атап өтті бірінші вице-министр.

Сонымен қатар, өңірлерде тұрақтандыру қорларындағы көкөністерді сату жалғасып жатыр. Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүрековтің мәліметінше, көлемі 159,6 мың тонна көлемде қалыптасқан тұрақтандыру қорындағы 19,5 мың тонна көкөніс сатылған, қорда 140 мың тоннаны көкөніс бар. Оның ішінде 10,8 мың тонна картоп, 2,9 мың тонна сәбіз, 3,2 мың тонна пияз және 2,5 мың тонна қырыққабат сатылды.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, өткен демалыс күндері өңірлерде 20-дан астам азық-түлік өнімдерінің жәрмеңкесі өтті.

Тегтер:
Серік Жұманғарин
ҚР Ұлттық экономика министрлігі
ҚР Сауда және интеграция министрлігі
Азық-түлік бағасы

Айнұр Тумакбаева
Автор
Соңғы жаңалықтар
Бурабай көлдерінде квадроциклмен жүруге тыйым салынды
Қырылған итбалықтар бойынша зерттеу қорытындысы осы айда жарияланады
Батыс Қазақстанда 17 мектептің құрылысы жүргізілмек
Алматыда Мырзекен Құсымжанов тұрған үйге мемориалдық тақта орнатылды
Қосылған құн салығының мөлшерлемесі сараланып белгіленуге тиіс — Президент
13:34, 21 Желтоқсан 2024 | GMT +5
Бектенов жаңа ұлттық экономика министрін таныстырды
АСТАНА. KAZINFORM — Премьер-министр Олжас Бектенов Ұлттық экономика министрлігі ұжымына ведомствоның жаңа басшысы Серік Жұманғаринді таныстырды.

Олжас Бектенов Нұрлан Байбазаровқа вице-премьер – ұлттық экономика министрі ретінде атқарған жұмыстары үшін алғысын білдіріп, алдағы қызметіне табыс тіледі.

Серік Жұманғаринді таныстару барысында Премьер-министр ведомствоның алдағы кезеңге арналған басым міндеті – Мемлекет басшысының экономиканың серпінді өсімін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау екенін баса айтты.

Бүгінгі таңда экономика тұрақты өсу үрдісін көрсетіп отыр. Экономиканы құрылымдық өзгерту, бюджет, салық саясатының тиімділігі мен бюджеттік параметрлерді болжау деңгейін арттыру жұмыстарын күшейту тапсырылды.

Бұдан басқа, басым салалардағы экономикалық өсуді қамтамасыз ету үшін Ұлттық экономика министрлігі бизнесті қолдаудың теңгерімді саясатын және тарифтік реттеудің салмақты саясатын жүргізуі қажет.

Бұған дейін Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Серікұлы Байбазаров Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары — Ұлттық экономика министрі лауазымынан босатылған еді.

Оның орнына Серік Жұманғарин Ұлттық экономика министрі атанғаны хабарланды.

Тегтер:
Премьер-министр
Серік Жұманғарин
ҚР Ұлттық экономика министрлігі
Олжас Бектенов

Айнұр Тумакбаева
Автор
Соңғы жаңалықтар
Бурабай көлдерінде квадроциклмен жүруге тыйым салынды
Қырылған итбалықтар бойынша зерттеу қорытындысы осы айда жарияланады
Батыс Қазақстанда 17 мектептің құрылысы жүргізілмек
Алматыда Мырзекен Құсымжанов тұрған үйге мемориалдық тақта орнатылды
Қосылған құн салығының мөлшерлемесі сараланып белгіленуге тиіс — Президент
12:39, 21 Желтоқсан 2024 | GMT +5
Жаңа Ұлттық экономика министрі тағайындалды
АСТАНА. KAZINFORM — Серік Жұманғарин Ұлттық экономика министрі атанды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform
— Мемлекет басшысының Жарлығымен Серік Мақашұлы Жұманғарин Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары — Ұлттық экономика министрі болып тағайындалды Ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, — делінген хабарламада.

Серік Мақашұлы Жұманғарин 1969 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген.

Мәскеу Ленин орденді және Октябрь Революциясы орденді энергетикалық интитутын, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, Халықаралық бизнес академиясын тәмамдаған.

1993-2004 жылдары кәсіпкерлікпен айналысқан.

2005-2006 жылдары — Ақтөбе қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі бастығының орынбасары; Ақтөбе қаласы Кәсіпкерлік бөлімінің бастығы.

2006-2007 жылдары — ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша басқармасы бастығының орынбасары.

2007-2008 жылдары — ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша басқармасының бастығы; ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің директоры.

2008-2010 жылдары — ҚР Индустрия және сауда министрлігі Сауда комитеті төрағасының орынбасары, Сауданы дамыту департаментінің директоры; «Қазақстандық келісім-шарт агенттігі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары.

2010-2011 жылдары — «NadLoc» жергілікті қамтуды дамыту ұлттық агенттігі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, бірінші орынбасары.

2012-2013 жылдары — ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігі Өңірлік саясат және бюджетаралық қатынастар департаментінің директоры; ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігі Өңірлік даму комитетінің төрағасы.

2013-2014 жылдары — ҚР өңірлік даму вице-министрі.

2014-2017 жылдары — ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің төрағасы.

2017-2019 жылдары — ҚР ұлттық экономика вице-министрі.

2019-2020 жылдары — Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі алқа мүшесі (министр).

2020-2022 жылдары — Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы.

2022-2023 жылдары — ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – сауда және интеграция министрі.

2023 жылғы 2 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен ҚР Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды.

2024 жылғы 6 ақпанда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды.

Өзінің лауазымдық міндеттері аясында келесі мәселелерді үйлестіреді:

● сауда саясаты;

● агроөнеркәсіп кешені;

● жер қатынастары;

● ЕАЭО және ДСҰ аясындағы ынтымақтастық.

Еске салсақ, осыған дейін Нұрлан Серікұлы Байбазаров Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары — Ұлттық экономика министрі лауазымынан босатылғаны хабарланды.

Тегтер:
Серік Жұманғарин
ҚР Ұлттық экономика министрлігі
Тағайындау
Ақорда

Айнұр Тумакбаева
Автор
Соңғы жаңалықтар
Бурабай көлдерінде квадроциклмен жүруге тыйым салынды
Қырылған итбалықтар бойынша зерттеу қорытындысы осы айда жарияланады
Батыс Қазақстанда 17 мектептің құрылысы жүргізілмек
Алматыда Мырзекен Құсымжанов тұрған үйге мемориалдық тақта орнатылды
Қосылған құн салығының мөлшерлемесі сараланып белгіленуге тиіс — Президент
16:05, 11 Желтоқсан 2024 | GMT +5
Серік Жұманғарин азық-түлік бағасына қатысты түсінік берді
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстанда өндірілетін азық-түлікке валюта бағамының өзгеруі әсер етпеуі тиіс. Бұл туралы Үкімет басшысының орынбасары Серік Жұманғарин айтты.

Бүгін Парламент Мәжілісінде тілшілер таяуда дүкен сөрелерінде азық-түліктің қымбаттауы мүмкіндігіне қатысты сұрақ қойды.

Өз кезегінде С.Жұманғарин азық-түліктің айтарлықтай қымбаттамайтынын айтты.

— Жаңажылдық мереке қарсаңында қандай да бір дүрбелең болуы мүмкін. Дәстүрлі түрде жыл аяғында сұраныстың тым жоғары болуы салдарынан бағаны көтеріп жатады. Яғни тұрғындар осы уақыт аралығында азық-түлік пен тауарларды бірден көп көлемде сатып алады. Бұл ретте нарықта ұсыныстан сұраныс көлемі арта түседі де, баға өседі, — деді Үкімет басшысының орынбасары.

Серік Жұманғарин қысқа мерзімде доллар бағамының өзгеруі азық-түліктің құнына әсер етпейтінін айтты.

— Импортталатын өнімдердің кейбір қымбат сегменттерінде баға өсуі ықтимал. Мәселен, Франциядағы фуа-граны алсаңыз, қымбатқа түсетіні белгілі. Өйткені сіз оны шетел валютасына сатып аласыз. Сондай-ақ шетелдік қымбат шараптарды сатып алатындар да осындай жағдайға тап болады. Ал Қазақстанда өндірілетін құс етіне немесе өзіміздің нанға доллардың қандай қатысы бар?, — деді Премьер-министрдің орынбасары.

Бұған дейін Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин бірыңғай уақыт белдеуінің адамдарға әсерін зерттеу мәселесіне қатысты пікір айтты.

Тегтер:
Серік Жұманғарин
Экономика
ҚР Үкіметі
Азық-түлік бағасы

Руслан Ғаббасов
Автор
Соңғы жаңалықтар
Бурабай көлдерінде квадроциклмен жүруге тыйым салынды
Қырылған итбалықтар бойынша зерттеу қорытындысы осы айда жарияланады
Батыс Қазақстанда 17 мектептің құрылысы жүргізілмек
Алматыда Мырзекен Құсымжанов тұрған үйге мемориалдық тақта орнатылды
Қосылған құн салығының мөлшерлемесі сараланып белгіленуге тиіс — Президент
13:47, 11 Желтоқсан 2024 | GMT +5
Үкімет басшысының орынбасары елімізде электр энергиясына тарифтің өсуіне пікір білдірді
АСТАНА. KAZINFORM – Үкімет басшысының орынбасары Серік Жұманғарин электр энергиясына тариф алдағы уақытта өсетінін айтты.

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысынан кейін тілшілер коммуналдық қызметтер мен электр энергиясына төлемдер айтарлықтай өскені туралы сұрақ қойды.

Өз кезегінде С. Жұмғарин төлемдердің өсуі электр энергиясы құнының артуына байланысты құбылатынын айтты.

— Биыл электр энергиясының құны айтарлықтай өсті. Алдағы уақытта тағы да өсуі мүмкін… Электр энергиясын пайдалану индексі — қоғамның дамуы индексінің көрінісі. Жыл сайын тұрақты дамып келе жатқан қоғамда энергияны пайдалану арта береді. Елімізде де жылда осындай жағдай байқалып отыр, яғни әр отбасы қосымша жабдықтар мен құрылғыларды сатып алып жатыр. Осының бәрі электр энергиясын көбірек пайдлануға алып келеді, — деді Үкімет басшысының орынбасары.

Бұған дейін Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин бірыңғай уақыт белдеуінің адамдарға әсерін зерттеу мәселесіне қатысты пікір айтты.

Тегтер:
Үкімет
Серік Жұманғарин
Видео
Электр қуаты
Тариф

Руслан Ғаббасов
Автор
Соңғы жаңалықтар
Бурабай көлдерінде квадроциклмен жүруге тыйым салынды
Қырылған итбалықтар бойынша зерттеу қорытындысы осы айда жарияланады
Батыс Қазақстанда 17 мектептің құрылысы жүргізілмек
Алматыда Мырзекен Құсымжанов тұрған үйге мемориалдық тақта орнатылды
Қосылған құн салығының мөлшерлемесі сараланып белгіленуге тиіс — Президент
13:08, 11 Желтоқсан 2024 | GMT +5
Жұманғарин уақыт белдеуінің шығыс өңірге әсері туралы: жұмыс кестесін өзгертуге болады
АСТАНА. KAZINFORM – Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин бірыңғай уақыт белдеуінің адамдарға әсерін зерттеу мәселесіне қатысты пікір айтты.

— Әлем тәжірибесіне сәйкес Үкімет дұрыс (бірыңғай уақыт белдеуі бойынша) шешім қабылдады деп есептейміз. Оған қатысты біраз дәлел бар, яғни ең танымал халықаралық институттар мен ғалымдар қолдап отыр. 2022 жылы олар Барселона декларациясына қол қойған. 80-нен астам ұйым мен бірқатар ғалым бекіткен. Сол себепті біз олардан артық емеспіз, басқа пікір қоса алмаймын. Үкімет қазір осыған дейінгі шешімін қолдайды, — деді С. Жұманғарин Парламент Мәжілісінде тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Сонымен қатар ол еліміздің шығыс өңіріндегі тұрғындардың бұрынғы уақыт белдеуін қайтару талабына пікір білдірді.

— Жүргізілген талдауға қарасақ, наразылықтың басқа жағы да бар. Яғни қараңғы түскенде елді мекеннің көшелерінде жарықтың болмауы, инфрақұрылымның болмауы, жаяу жүргіншілер жолағының қардан тазаланбауы сияқты проблемалар шешілмеген. Бұл тұрғыда тұрғындарға жағдай жасау керек. Сонымен қатар, ол жақта жұмыс уақытын ерте бастап, ертерек аяқтау бөлігінде өзгеріс жасауға болады. Оның бәрін шешеміз, — деді Үкімет басшысының орынбасары.

Серік Жұманғарин алдағы аптада халықаралық сарапшылар мен отандық ғалымдар халыққа бірыңғай уақыт белдеуіне қатысты түсінік беретінін айтты.

— Алдағы зерттеуге (Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуінің адамдарға әсері туралы зерттеу) тоқталсам, ол бойынша қандай шешім болатынын нақты айта алмаймын. Зерттеу барысында халықаралық тәжірибені Қазақстанның тәжірибесімен салыстырып шығамыз, — деді Премьер-министрдің орынбасары.

Еске сала кетейік, биыл 1 наурыздан бастап Қазақстанда уақыт бір сағат артқа жылжыды.

Осыдан кейін өзгеріске қарсы шыққан қазақстандықтар бұрын қолданыста болған уақыт белдеуін қайтару жөніндегі петиция жариялады.

Ал қараша айында Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуінің адамдарға әсері зерттелетіні хабарланды.

Жақында Парламент депутаттары мүдделі мемлекеттік органдарға бірыңғай уақыт белдеуі мәселесіне қатысты ғылыми-зерттеу жұмысын алдағы жылдың наурыз айына дейін аяқтауды тапсырды.

Тегтер:
Үкімет
Серік Жұманғарин
Видео
Уақыт белдеуі

Руслан Ғаббасов
Автор
Соңғы жаңалықтар
Бурабай көлдерінде квадроциклмен жүруге тыйым салынды
Қырылған итбалықтар бойынша зерттеу қорытындысы осы айда жарияланады
Батыс Қазақстанда 17 мектептің құрылысы жүргізілмек
Алматыда Мырзекен Құсымжанов тұрған үйге мемориалдық тақта орнатылды
Қосылған құн салығының мөлшерлемесі сараланып белгіленуге тиіс — Президент
12:35, 09 Желтоқсан 2024 | GMT +5
Азық-түлік инфляциясын тежеу үшін аймақтарда көкөніс қорлары пайдаланыла бастады — Үкімет
АСТАНА. KAZINFORM –  Жаңа жыл қарсаңында бағаны ұстап тұру үшін аймақтардағы тұрақтандыру қорларынан өнімдер алу басталды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлім етті.

Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Үкіметтегі кеңесте 11 айдағы инфляция қорытындылары мен 2024 жылғы болжамдар қаралды.

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, қараша айында азық-түлік емес тауарлардың баға индексі 0,7%, ақылы қызметтердің баға индексі — 0,8%, азық-түлік өнімдері — 1,1% болды.

Ақылы қызметтердің өсуінің баяулауы байқалады, олар 2024 жылы «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасының басталуына байланысты ең жоғары өсімді көрсетті (жылдық мәнде 13,3%).

Азық-түлік инфляциясын тежеу үшін аймақтарда көкөніс қорлары пайдаланыла бастады. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, 159,6 мың тонна көкөніс қорының 13,4 мың тоннасы сатылды. Ең көп сатылғаны — картоп (7,2 мың тонна), сәбіз — 2,1 мың тонна, пияз — 2,2 мың тонна, қырыққабат — 1,7 мың тонна.

Серік Жұманғарин Ауыл шаруашылығы министрлігіне аймақтармен бірлесіп, негізгі азық-түлік өнімдерінің, соның ішінде жылыжайда өсірілген көкөністердің бағасын тұрақтандырып, жаңа жыл қарсаңында олардың жеткілікті мөлшерде сауда сөрелерінде болуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Тұрақтандыру қорларында осы уақытқа дейін жинақталған азық-түлік қорын өңір нарықтарына жеткізу және оны ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері арқылы сатылымға шығару тұрғындарды жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етуге әрі көкөніс және басқа өнімдерді қолжетімді бағада сатуға мүмкіндік береді. Бұл шаралар жаңа жыл алдындағы негізгі азық-түлік өнімдері бағасының күрт өсуін тежеуге бағытталған.

Бұған дейін хабарланғандай, ШҚО-дағы дәнді және майлы дақылдардың өнімділігі 25 пайызға артты.

Тегтер:
Үкімет
Серік Жұманғарин
Азық-түлік бағасы

Бақытгүл Абайқызы
Автор
Соңғы жаңалықтар
Бурабай көлдерінде квадроциклмен жүруге тыйым салынды
Қырылған итбалықтар бойынша зерттеу қорытындысы осы айда жарияланады
Батыс Қазақстанда 17 мектептің құрылысы жүргізілмек
Алматыда Мырзекен Құсымжанов тұрған үйге мемориалдық тақта орнатылды
Қосылған құн салығының мөлшерлемесі сараланып белгіленуге тиіс — Президент
11:37, 09 Желтоқсан 2024 | GMT +5
Фермерлерден астықты тікелей сатып алуға қосымша 75 млрд теңге бөлінеді
АСТАНА. KAZINFORM – Фермерлерден астықты тікелей сатып алуға қосымша 75 млрд теңге бөлінеді. Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің жауабында айтылған.

— Астық нарығына реттеушілік ықпал көрсету мақсатында «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ (Азық-түлік корпорациясы) фермерлерден астық сату бойынша шаралар қабылдап жатыр. Биылғы форвардтық келісімшарттар бойынша, сонымен қатар өткен жылғы мерзімін ұзартуды ескере отырып, Азық-түлік корпорациясы 1,2 млн тонна астық сатып алады. Қазіргі уақытта элеваторларға 705 мың тонна астық немесе 59 пайызы түсті, — деді вице-премьер жауабында.

Оның атап өтуінше, Мемлекет басшысының Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің бірінші форумында берген тапсырмасын орындау аясында Азық-түлік корпорациясы жаңа өнімнің астығын фермерлерден тікелей сатып алады.

— Бірінші кезеңде Үкімет резервінің 10 млрд теңге мөлшеріндегі қаражаты есебінен нарықтық бағамен 150 мың тонна өнім сатып алынады. Жалып, бұл мақсатқа қосымша 75 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр. Сондай-ақ бұл мәселесі осы жылдың 19 қарашасында Үкімет отырысында қаралды», — деді Серік Жұманғарин.

Айта кетейік, Үкімет басшысы орынбасарының жауабына қосымша берілген ақпаратқа сәйкес, 3-сыныпты бидай — 75 000-90 000 теңге, 4-сыныпты бидай — 55 000-65 000 теңге, 5-сыныпты бидай — 50 000 теңге, 2-сыныпты арпа — 50 000 теңге.

Бұған дейін астық экспорттайтын шаруаларға субсидия берілетіндігін жазған едік.

Тегтер:
Серік Жұманғарин
Субсидия
Егін
Астық
Агроөнеркәсіп
Фермер
ҚР АШМ

Марлан Жиембай
Автор
Соңғы жаңалықтар
Бурабай көлдерінде квадроциклмен жүруге тыйым салынды
Қырылған итбалықтар бойынша зерттеу қорытындысы осы айда жарияланады
Батыс Қазақстанда 17 мектептің құрылысы жүргізілмек
Алматыда Мырзекен Құсымжанов тұрған үйге мемориалдық тақта орнатылды
Қосылған құн салығының мөлшерлемесі сараланып белгіленуге тиіс — Президент
10:36, 09 Желтоқсан 2024 | GMT +5
Фермерлердің қарызын субсидиялауға қанша қаржы керек
АСТАНА. KAZINFORM – Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин Мәжіліс депутаттарының сауалына орай фермерлердің қарызын субсидиялауға қанша қаражат қажет екендігін мәлім етті.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Үкімет басшысы орынбасарының дерегінше, қазіргі уақытта фермерлердің қарызын субсидиялауға қосымша қажеттілік 256,8 млрд теңгені құрайды. Оның ішінде:

— Өсімдік шаруашылығына — 95,3 млрд теңге (тұқым шаруашылығын дамыту — 8,8 млрд теңге, басым дақылдар өндірісі — 35,1 млрд теңге, тыңайтқыштар (органиалық тыңайтқыштарды қоспанғанда) — 17,4 млрд теңге, пестицидтер, биоагенттер — 33,9 млрд теңге);

— Мал шаруашылығына — 43,5 млрд теңге;

— Қаржы құралдарына — 118 млрд теңге (инвестициялық субсидия — 39,9 млрд теңге, сыйақ мөлшерлемесін субсидиялау — 78,1 млрд теңге).

Бұл ретте «күту парағында» 194,8 млрд теңге сомасына мақұлданған өтінім тұр:

— Өсімдік шаруашылығына — 56,8 млрд теңге;

— Мал шаруашылығына — 20 млрд теңге;

— Қаржы құралдарына — 118 млрд теңге.

— 259,1 млрд теңге мөлшерінде қосымша қаржыландыру туралы ұсыныс бюджеттік жоспарлау жөніндегі өкілетті органға жіберілді. Бұл ретте субсидиялауға қосымша қажеттіліктің бір бөлігі әкімдіктердің өзге бюджеттік бағдарламалар қаражатын қайта бөлу арқылы жергілікті бюджет қаражатынан қосымша ресурстар табуына байланысты қысқартылды. Төлемдер қаражаттың бөлінуіне орай басталады. Сонымен қатар Мемлекет басшысының тапсырмасына бойынша саланы 2028 жылға дейін «ұзақ мерзімді» және қолжетімті несие ресурстарымен қамтамасыз ету мақсатында фермелердің несиелерін субсидиялау жүйесі жеңілдікті несиелендіруге көшіру мәселесі қарастырылатын болады. Аталған шара жеке банктерді жеңілдікті пайызбен агроөнеркәісіп кешенін несиелеуге тартуға мүмкіндік береді, — деді Серік Жұманғарин.

Бұған дейін астық экспорттайтын шаруаларға субсидия берілетіндігін жазған едік.

Тегтер:
Үкімет
Серік Жұманғарин
Субсидия
Фермер
ҚР АШМ

Марлан Жиембай
Автор
Соңғы жаңалықтар
Бурабай көлдерінде квадроциклмен жүруге тыйым салынды
Қырылған итбалықтар бойынша зерттеу қорытындысы осы айда жарияланады
Батыс Қазақстанда 17 мектептің құрылысы жүргізілмек
Алматыда Мырзекен Құсымжанов тұрған үйге мемориалдық тақта орнатылды
Қосылған құн салығының мөлшерлемесі сараланып белгіленуге тиіс — Президент
10:10, 09 Желтоқсан 2024 | GMT +5
Биылғы астық экспорты 12 млн тоннаны құрайды
АСТАНА. KAZINFORM – Еліміз биыл 12 млн тонна астық экспортқа шығарады. Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің жауабында айтылған.

— Бүгінгі таңда астық тасымалдауға шамамен 11,8 мың астық тасымалдағыш пен 16 мың жабық вагон жұмылдырылған. Қолданыстағы парк астық тасымалдау қажеттілігін толықтай қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Барлық бағытта астық жүктерімен вагондардың нормативтік айналымы қамтамасыз етілген. Биыл астық экспортының әлеуеті 12 млн тонна деңгейінде болжанып отыр, — деді вице-премьер жауабында.

Үкімет басшысы орынбасарының дерегінше, осы жылдың 11 айының қорытындысында «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы 9,2 млн тонна астық жүгін тасымалдады.

— Оның 2,2 млн тоннасы ішкі бағыттар бойынша болса, 7 млн тоннасы экспортқа жіберілді. Жаңа егін экспорты (қыркүйек-қараша) 2 млн 871 мың тоннаны құрады. Бұл 2023 жылдың дәл осындай кезеңімен салыстырғанда (1 млн 907 тонна) 51 пайызға жоғары, — деді Серік Жұманғарин.

Бұған дейін астық экспорттайтын шаруаларға субсидия берілетіндігін жазған едік.

Тегтер:
Үкімет
Серік Жұманғарин
Экспорт
Егін
ҚР АШМ

Марлан Жиембай
Автор
Соңғы жаңалықтар
Бурабай көлдерінде квадроциклмен жүруге тыйым салынды
Қырылған итбалықтар бойынша зерттеу қорытындысы осы айда жарияланады
Батыс Қазақстанда 17 мектептің құрылысы жүргізілмек
Алматыда Мырзекен Құсымжанов тұрған үйге мемориалдық тақта орнатылды
Қосылған құн салығының мөлшерлемесі сараланып белгіленуге тиіс — Президент
01:30, 07 Желтоқсан 2024 | GMT +5
Қазақстан мен ШҰАА тауар айналымын екі есе арттыруға ниетті
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Серік Жұманғарин 5 желтоқсан күні Үрімжіде ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы партия комитетінің хатшысы Ма Синжуймен кездесті. Кездесу барысында екі ел арасындағы ынтымақтастықты жандандыру және өзара әрекеттестіктің перспективалары талқыланды.

ҚР Үкіметі баспасөз қызметінің хабарлауынша, ШҰАА – Қазақстанның Қытайдағы барлық өңірлердің ішінде ең ірі сауда серіктесі, оның үлесіне Қазақстан мен Қытай арасындағы екіжақты тауар айналымының жартысына жуығы тиесілі. Өткен жылы ШҰАА-мен сыртқы сауда көлемі 62%-ға өсіп, $20,3 млрд-қа жетті. 2024 жылдың 9 айында Қазақстан мен ШҰАА арасындағы тауар айналымы 22,46%-ға артып, $17,67 млрд болды.

«Қазақстан мен Қытай басшылары екі ел арасындағы тауар айналымын $100 млрд-қа дейін арттыру міндетін қойған болатын. Осы тұрғыда біз ШҰАА-мен өзара сауданы екі есеге көбейтуді жоспарлап отырмыз. Біз экспорттық және импорттық тауарлар құрылымын және олардың әлеуетін талдап, Қытайға қосымша жеткізуге болатын 180 тауар түрлерін анықтадық. Бұл металлургия, мұнай-химия, тамақ өнеркәсібі, химия, машина жасау, құрылыс тауарлары», — деді Серік Жұманғарин.

ҚР Премьер-министрінің орынбасары өзара саудада ауылшаруашылық өнімдерін жедел тасымалдау үшін Қазақстан-Қытай шекарасындағы өткізу пункттерінде «жасыл дәліздер» енгізу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды жоғары бағалады. Келешекте тасымалдаудың тиімділігін арттыру үшін «Нұр Жолы» – «Қорғас» өткізу пунктінде 24/7 жұмыс істеу тәжірибесін барлық автомобильдік өткізу пункттерінде қарастыру ұсынылды. Сонымен қатар Алматы облысында («Нарынқол-Мұзарт») және Шығыс Қазақстан облысында («Теректі-Ақтөбек») жаңа өткізу пункттерінің ашылу жұмыстары жүргізіліп жатқандығы атап өтілді.
Тағы бір перспективалы көлік түрі – су жолы. Қазақстан тарапы Ресей – Қазақстан – Қытай мультимодальды транзиттік дәлізін құруды және трансшекаралық Ертіс өзенін пайдалануды ұсынады. Алғашқы кезеңде жүк тасымалдау көлемі 2-2,5 млн тонна болады деп күтілуде.

«Бұл дәлізді дамыту үшін Майқапшағай-Зимунай теміржол өткелін ашу және Қазақстан аумағында Тұғыл ауылында өзен портын салу жоспарлануда. Сондай-ақ өзен арқылы тасымалдауды дамыту аясында Қонаев қаласынан Қытайдың Инин қаласына дейінгі трансшекаралық Іле өзені арқылы маршрутты дамыту жобасы да бар. Бұл жобаны Қазақстан мен Қытай бизнестерінің ынтымақтастығы арқылы жүзеге асыру мүмкін», — деп толықтырды Серік Жұманғарин.

Бүгінде Қытайдан Еуропаға жеткізілетін жүк тасымалының 80%-дан астамы Қазақстан арқылы жүзеге асырылуда. Кездесуде 2024 жылдың 9 айында Орталық дәліз бойынша тасымал көлемі өткен жылдың барлық көрсеткіштерінен 23%-ға артып, 3,4 млн тоннаны құрағаны айтылды. 2030 жылға дейін тасымал көлемін жылына 10 млн тоннаға дейін арттыру жоспарлануда.

Серік Жұманғарин Қазақстан Қытайдан Еуропаға және кері бағытта жүк тасымалдау көлемінің өсуін толық қамтамасыз етуге ниетті екенін атап өтті. Сонымен қатар 2029 жылға қарай контейнерлік пойыздардың саны 600-ден 2000 бірлікке дейін арттыру туралы келісім жасалды. Сондай-ақ қазақстандық тараптың «Қорғас» стансасы аумағында құрғақ жүктерді, контейнерлерді, астықты сақтау және ауыстырып тиеу үшін мультимодальды логистикалық терминал салуға дайын екенін жеткізді.

Ма Синжуй ШҰАА партия комитетінің атынан Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастықты ілгерілетуге қосқан үлесі үшін ел басшылығына алғыс айтып, тараптар арасындағы өзара қарым-қатынастар қазір ең жақсы даму сатысында екенін атап өтті. Ол сондай-ақ Қазақстан тарапының тауар айналымын арттыру туралы ұсынысын қолдап, ШҰАА-да пайдалы қазбалар мен түсті металдар, ауылшаруашылық және басқа да өнімдерді жеткізу үшін қажетті көлемде партиялар болған жағдайда, оларды сатып алуға дайын компаниялар бар екенін жеткізді.

Серік Жұманғарин Қазақстан мен ШҰАА арасындағы бюрократиялық кедергілерді азайту мәселесін көтерді. Бұл мәселелердің көпшілігі Қазақстанның ауылшаруашылық өнімдерін Қытайға жеткізуге қатысты. Бұл астық жүк тасымалына бақылаудың күшейтілуі, сынамалар алу кезеңінің ұзартылуы, сондай-ақ Қазақстан компанияларын Қытайдың экспорттаушылар реестріне аккредиттеу процедураларының ұзақтығы. Ауылшаруашылық өнімдерінің Қытайға жеткізілім көлемін арттыру үшін картоп пен қант қызылшасының фитосанитарлық талаптарына қатысты хаттамаларды келісу, құс етін экспорттау, Қазақстанның солтүстік-батыс және орталық аймақтарынан сиыр еті мен шошқа етін Қытайға экспорттауға арналған шектеулерді алып тастау, салқындатылған ет, жылқы еті және басқа да ет өнімдеріне арналған ветеринарлық талаптарды келісу қажет болады.

Кездесу қорытындысы бойынша ҚР Премьер-министрінің орынбасары Серік Жұманғарин Ма Синжуйді келесі жылы Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды.

Осыған дейін Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғариннің келер жылдары фермерлерге бөлінетін несие 1,5 трлн теңгеге жеткізілетіні туралы айтқанын хабарлағанбыз.

Тегтер:
Серік Жұманғарин
Экономика
Қазақстанның сыртқы саясаты
ҚР Үкіметі

Айдар Оспаналиев
Автор
Соңғы жаңалықтар
Бурабай көлдерінде квадроциклмен жүруге тыйым салынды
Қырылған итбалықтар бойынша зерттеу қорытындысы осы айда жарияланады
Батыс Қазақстанда 17 мектептің құрылысы жүргізілмек
Алматыда Мырзекен Құсымжанов тұрған үйге мемориалдық тақта орнатылды
Қосылған құн салығының мөлшерлемесі сараланып белгіленуге тиіс — Президент
14:25, 06 Желтоқсан 2024 | GMT +5
Қазақстандықтар азық-түлікке қанша қаражат жұмсап жатыр
АСТАНА. KAZINFORM –  Қазір елімізде табыстың 22,2 пайызын азық-түлікке жұмсап жатырмыз.  Бұл туралы Премьер-министрінің орынбасары Серік Жұманғарин мәлім етті.

Фото: Freepik
Бүгін Сенатта өткен азық-түлік қауіпсіздігі тақырыбындағы парламенттік тыңдаудан кейін тілшілер қазақстандықтар жалақысының неше пайызын азық-түлікке жұмсайтынын сұрады.

— Бұл мәселе өте маңызды. Кейбіреулері осы шығындарға қатысты шатастырып жатады, яғни «тапқан табыстың жартысы азық-түлікке жұмсалып жатыр» деп айтады. Ол — дұрыс емес. Жалпы, тұтыну (азық-түлік және азық-түлік емес тауарлары, ақылы қызметтер) шығындарының ішінде 50 пайызы азық-түлікке жұмсалатынын білеміз және оны мойындаймыз. Ал тұтыну шығындары — тапқан табысымыздың 50 пайызы. Себебі табысымызды тұтыну шығындарынан бөлек, несиені жабуға немесе бала-шағаға керек заттарды алуға, қарызды жабуға, оқу ақысына төлейміз. Осының бәрін ескере отырып, қазір бүкіл табысымыздың 22,2 пайызын азық-түлікке жұмсап жатырмыз деп айтуға болады, — деді С.Жұманғарин.

Атап айтқанда, тұтыну шығындары – тұтыну тауарлары мен қызметтерін сатып алуға бағытталған ақшалай шығыстарының бөлігі. Тұтыну шығындарына азық-түлік тауарларын, азық-түлік емес тауарларды сатып алуға және ақылы қызметтерді алуға арналған шығыстар жатады.

Тегтер:
Серік Жұманғарин
Шығын
Азық-түлік
Сенат

Руслан Ғаббасов
Автор
Соңғы жаңалықтар
Бурабай көлдерінде квадроциклмен жүруге тыйым салынды
Қырылған итбалықтар бойынша зерттеу қорытындысы осы айда жарияланады
Батыс Қазақстанда 17 мектептің құрылысы жүргізілмек
Алматыда Мырзекен Құсымжанов тұрған үйге мемориалдық тақта орнатылды
Қосылған құн салығының мөлшерлемесі сараланып белгіленуге тиіс — Президент
11:36, 06 Желтоқсан 2024 | GMT +5
Фермелерге бөлінетін қаражат еселеп артады – Серік Жұманғарин
АСТАНА. KAZINFORM – Келер жылдары фермерлерге бөлінетін несие 1,5 трлн теңгеге жеткізіледі. Бұл туралы елордада «Азық-түлік қауіпсіздігі – ұлттық қауіпсіздіктің негізгі құрамдас бөлігі» тақырыбында өтіп жатқан парламенттік тыңдауда Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғарин мәлім етті.

— Азық-түлік қауіпсіздігінің негізгі аспектілері «Ұлттық қауіпсіздік туралы» заңда көрсетілген және мемлекеттің халықты сапалы және қауіпсіз азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету қабілетімен айқындалады. Бұл ретте елдің азық-түлік тәуелсіздігі халықтың жылдық тұтыну қажеттілігінің кемінде 80 пайызының өз өндірісі есебінен қамтамасыз ету арқылы жүзеге асады. Қазақстан агроөнеркәсіптік кешенде зор әлеуетке ие. 27,1 млн га егістік және 183,2 млн га жайылымды қоса алғанда, барлығы 219 млн га ауыл шаруашылығы жері бар өңірдің аграрлық секторындағы көшбасшы саналады. Жыл сайын елімізде 18 млн тоннадан астам астық өндіріліп, оның 7 млн тоннадан астамы экспортталады, сондай-ақ 1 млн тоннаға жуық ет өндіріледі», — деді С. Жұманғарин.

Оның айтуынша, еліміз ішкі нарықты азық-түлік тауарларымен 80%-дан 100%-ға дейінгі қамтамасыз етеді. Ет, сүт, жұмыртқа, көкөніс, ұн – бұлардың барлығы ішкі нарық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жеткілікті көлемде өндіріледі.

— Алайда бірқатар тауар бойынша импортқа тәуелділік сақталып отыр (құс еті – 73%, шұжық өнімдері – 60%, балық – 54%, ірімшік және сүзбе – 57%, қант – 42%). Бұл мәселе бізге белгілі және оны шешу мақсатында сүт тауарлы фермаларды, өңдеу кәсіпорындарын, құс фабрикаларын салу бойынша инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, жеңілдетілген қаржыландыру тетіктері енгізіліп отыр, — деді Үкімет басшысының орынбасары.

Оның сөзіне қарағанда, Үкімет ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге несие бөлу процесін пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялаудың күрделі схемасынан бас тарту арқылы жетілдіріп жатыр.

— Енді фермерлер көктемгі дала жұмыстары мен егін жинау үшін 5% төмендетілген мөлшерлемемен тікелей жеңілдетілген кредиттер ала алады. Мұндай кредиттің көлемі алғаш рет 580 млрд теңгеден асты (бұған дейін 180 млрд теңге), ал болашақта бұл көрсеткішті 1,5 трлн теңгеге жеткізу жоспарланып отыр. 2025 жылғы көктемгі дала жұмыстарына жеңілдетілген кредит беруді биыл қарашаның соңында бастадық, бұл фермерлерге жанармай, қосалқы бөлшектер және басқа да қажет ресурстарды алдын ала сатып алуға мүмкіндік береді, — деді Премьер-министрдің орынбасары.

Бұдан бұрын хабарланғандай, парламенттік тыңдау барысында Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Ауыл шаруашылығында ескі тәсілдермен өнімділікті арттыру мүмкін емес екенін атап өтті.

Тегтер:
Серік Жұманғарин
Қаржы және бюджет
Азық-түлік
Фермер

Руслан Ғаббасов
Автор

https://kaz.inform.kz/news/fermelerge-bolnetn-karazhat-eselep-artadi-serk-zhumangarin-55e062