СПОРТ
Алғалық «Үздік ойыншылар»
16-24 мамыр күндері Түркістан қаласында 2009-2010 ж.т., 2012-2013 ж.т. қыздар арасында өткен көктемгі Қазақстан Республикасының чемпионатында Ақтөбе құрама командасы жеңімпаз атанды. Жеңіс тұғырынан алғалық қыздарымыз, БЖСМ баскетболшылары:
- Избасарова Адия
- Гайнутдинова Фирая
- Алманиязова Фатима табылды.
«Үздік ойыншы» атанған алғалық баскетболшы қыздарды және жаттықтырушысы И.Карасаеваны шын жүректен құттықтап, биік шыңдардан көріне беруіне тілектеспіз.
Республикаға жолдама алды
25-26 мамыр күндері Ақтөбеде мектеп оқушылары арасында еркін күрестен іріктеу өтті. Іріктеуден өткендер Астана қаласында өтетін Қазақстан Республикасының ХII жазғы Гимназиядасына қатысып, бағын сынай алады.
Іріктеу нәтижесінде, Алға БЖСМ палуандары:
- 55 кг салмақта Асланұлы Ислам (Алға қаласы)
- 110 кг салмақта Аққұбаш Нұрислам (Бестамақ ауылы)
Гимназиядаға қатысуға жолдама ұтып алды. Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтай отырып, сәттілік тілейміз.
Қола қоржында
2011-2012 ж.т. жасөспірімдер арасында Бокстан «ҚР еңбегі сіңген мәдениет қайраткері», «Құрмет белгісі» орденінің иегері, белгілі бапкер Ж.Б.Нұрпейісовті еске алуға арналған республикалық турнир өтті.
52 кг салмақ дәрежесінде Ғабитов Бейбіт ІІІ орынға ие болды. Былғары қолғап иесі мен жаттықтырушысы З.Әбдірахманды жеңісімен құттықтаймыз.
Гүлім КЕНЕШОВА
