Тамды ауылдық округі әкімінің сайлауы
Тамды ауылдық округі әкіміне
үміткер
Нуртазин Марат Кудайбергеновичтің
2025-2029 жылдарға арналған
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
Құрметті Тамды ауылдық округінің тұрғындары!
Мен, Нуртазин Марат Құдайбергенұлы, Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Талдысай ауылында дүниеге келдім. Білімім жоғары.
Отбасын құрғанмын. Үш балам бар. Ұл-қыздарымды адалдыққа, үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге ізет қылуға тәрбиелеу- басты мақсатым.
Басшылық қызметтегі 4 жылдық жұмыс тәжірибемде ауыл шаруашылығын дамыту жобаларын, елді мекендерді дамыту бағдарламаларын, әлеуметтік саланың түйткілді мәселелерін және олардың шешу жолдарын жан-жақты зерттедім. Енді осы мәселелерді іс жүзінде шешуге бел будым.
Құрметті сайлаушылар!
Алға ауданы, Тамды ауылдық округі әкіміне «Ауыл» Партиясы атынан үміткер ретінде тіркеле отырып, ауылдың әлеуметтік мәселелерін шешу үшін төмендегідей сайлауалды бағдарламамды ұсынамын:
- Әр шаңырақтың өз ісін ашып, табысты жанұяға айналуына қол жеткізу және жастар арасында жұмыссыздық мәселесін жою — менің басты міндетім;
- Тамды ауылының асфальт жабындысы жоқ көшелерге жобалық сметалық құжаттама дайындау, салалық бөлімдерге тапсыру;
- «Жұлдызай» балабақшасын күрделі жөндеуден өткізу;
- Ауыл шаруашылығы жерлерінің мақсатты пайдаланылуын қадағалау;
- Ауылда жаңа өндіріс орындарын ашып, дамытуға үлес қосатын азаматтарға және барлық кәсіпкерлерге жан – жақты қолдау көрсетемін;
- Тамды, Талдысай және Еркінкүш ауылдарындағы ескірген көше шамдарын заманауи шамдармен алмастыруға күш саламын;
- Талдысай ауылында негізгі мектеп құрылысының салынуына жұмыстанамын;
- Ауыл тұрғындарымен ақылдаса отырып, санитарлық тазалық және абаттандыру жұмыстарын үзбей жүргізу;
- Жастар мен жасөспірімдерді жұмыспен қамтуға, қоғамдық жұмыстарға тартуға және мәдени көпшілік іс-шараларды жиі ұйымдастыруға басымдық беру;
- Еркінкүш ауылында фельдшерлік амбулаториялық пункт салынуына ықпал етемін және ауылға кіре беріс жолға жөндеу жұмыстарын қолға аламын;
Қадірлі ауыл тұрғындары!
Туған ауылымыздың ертеңі — Сіз бен Бізге тікелей байланысты. Сіздің осы сайлаудағы дауысыңыз — туған жеріміздің ертеңі және өсіп келе жатырған жас буынның болашағы үшін өте маңызды! Отанымыздың болашағы – әрбір шаңырақтың бақуатты өмір сүріп, ел ертеңінің іргетасы шағын ауылдарды дамыту екенін есте ұстайық.
Сіздерді сайлау учаскесіне келіп, маған дауыс беруге шақырамын.
Берекелі ауыл – ел болашағы!
Сайлауға келіп, мен үшін дауыс беріңіз!
Ізгі ниетпен, Марат Нуртазин
(Кандидаттың үгіт-насихат материалдары аудандық аумақтық сайлау комиссиясы арқылы қаржыландырылады)
Тамды ауылдық округі әкімінің сайлауына үміткер
МАМЫТХАНОВ КАЗБЕК БАЗАРБАЙҰЛЫНЫҢ
2025-2029 жылдарға арналған
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
Құрметті жерлестер, Тамды ауылдық округінің сайлаушылары!
Мен, Мамытханов Казбек Базарбайұлы Тамды ауылдық округінің әкіміне кандидат ретінде тіркелдім. Бұл мен үшін зор жауапкершілік пен үлкен мәртебе. Ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға үлес қосу – менің басты мақсатым.
Құрметті сайлаушылар!
Тамды ауылдық округінің әкіміне кандидат ретінде тіркеле отырып, зор жауапкершілікпен, үлкен мақсатты, толағай істердің атқарылуы тиіс екендігін сезіне отырып, Сіздерге өз бағдарламамды ұсынамын.
- Тамды ауылының асфальт жабындысы жоқ көшелеріне асфальт төсету. Бұл бастама тұрғындардың өмір сапасын айтарлықтай жақсартады;
- Көше жарықтарын ретке келтіру. Кешкі уақытта жарықтың жеткіліксіздігі қауіпсіздікке де, жайлылыққа да әсер етеді. Сондықтан барлық көшедегі жарықтандыру жүйесін толық тексеріп, істен шыққан шамдарды ауыстыру, жаңа энергия үнемдейтін жарықшамдар орнату жоспарланады;
- Еркінкүш ауылына кіре беріс жолды жөндеу. Бұл бағытты жөндеу — ауылға қатынайтын көліктердің қозғалысын жеңілдетіп, жедел жәрдем, өрт сөндіру және басқа да қызметтердің уақытылы жетуіне мүмкіндік береді. Жол сапасының жақсаруы ауылдың дамуына серпін береді;
- Талдысай ауылының мектебінің салынуына ықпал ету. Бұл – тек білім беру мекемесі ғана емес, ауылдың болашағы үшін маңызды әлеуметтік нысан. Мектеп құрылысының басталуына және сапалы аяқталуына барынша ықпал етемін;
- Мал жайылымын кеңейту шараларын жүргізу. Бұл мәселені шешу үшін пайдаланылмай жатқан жерлерді анықтап, оларды ауыл тұрғындарына тиімді үлестіру жұмыстарын жүргіземін;
- Ветеринарлық шараларды күшейту. Мал арасында түрлі жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында вакцинация, диагностикалық тексерулер және ветеринарлық бақылауларды жүйелі түрде ұйымдастырып отырамын;
- Шағын және орта бизнесті дамыту. Ауылда кәсіпкерлікке қолдау көрсету жұмыс орындарының көбеюіне және тұрғындардың табысының артуына ықпал етемін;
- Абаттандыру жұмыстарын тұрақты жүргізу. Жасыл аймақтарды көбейту, гүлзарлар отырғызу, балалар алаңдарын жөндеу бағыттары қолға алынады;
- Ауылдың аумағын дамыту жұмыстарын жүргізу;
Қымбатты тұрғындар!
Сайлауға келіңіз, мен үшін дауыс беріңіз!
Құрметпен,
Казбек Мамытханов
(Кандидаттың үгіт-насихат материалдары аудандық аумақтық сайлау комиссиясы арқылы қаржыландырылады)
Тамды ауылдық округі әкімінің сайлауына үміткер
МИРМАНОВ ТЕМИРЛАН СЕРИКОВИЧТІҢ
2025-2029 жылдарға арналған
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
Құрметті жерлестер, Тамды ауылдық округінің сайлаушылары!
Мен, Мирманов Темирлан Серикулы Тамды ауылдық округінің әкіміне кандидат ретінде тіркелдім. Осы сайлау арқылы ауылымыздың әл-ауқатын көтеріп, оны дамыту – басты бағытым.
Ауыл жолдарының сапасы, жұмыссыздық, ел азаматтарының көмегімен ауылды абаттандыру, дәрігерлік қызмет және білім беру сапасы мені де толғандырады.
Құрметті сайлаушылар!
Тамды ауылдық округінің әкіміне кандидат ретінде тіркеле отырып, бағдарлама жасақтап, оны нақты іспен орындауды мақсат етіп қойдым.
- 3 ауылдың асфальт жабындысы жоқ көшелеріне асфальт төсеу шараларын жүргізу. Бұл бастама тұрғындардың өмір сапасын айтарлықтай жақсартады;
- Түнгі жарықшамдарды заманауи түрге ауыстыру. Кешкі уақытта жарықтың жеткіліксіздігі қауіпсіздікке де, жайлылыққа да әсер етеді. Сондықтан барлық көшедегі жарықтандыру жүйесін тексеріп, жаңа энергия үнемдейтін жарықшамдар орнату жоспарлаймын;
- Еркінкүш ауылының жолына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге құжаттар дайындау;
- Талдысай ауылының мектебінің салынуына ықпал ету. Талдысай ауылындағы балалардың лайықты білім алуына жаңа мектептің салынуы аса қажетосы тұста ауылдың болашағы үшін маңызды әлеуметтік нысанның құрылысының басталуына және сапалы аяқталуына барынша ықпал етемін;
- Ауылшаруашылығы жерлерін тиімді пайдалануды жолға қою. Жайылымның тарлығы мал шаруашылығының дамуына кедергі келтіріп отыр. Осы тұста мәселені шешу үшін пайдаланылмай жатқан жерлерді анықтап, оларды ауыл тұрғындарына тиімді үлестіру жұмыстарын жүргіземін. Өйткені жайылым көлемінің ұлғаюы мал басын көбейтуге және ауыл шаруашылығының табысын арттыруға мүмкіндік береді;
- Жастармен жұмысты күшейту. Жастар мен жасөспірімдерді жұмыспен қамтуға, қоғамдық жұмыстарға тартуға және мәдени көпшілік іс-шараларды жиі ұйымдастыруға басымдық беру;
- Кәсіпкерлікті дамыту;
- Ойын және спорт алаңдарының салынуына ықпал жасау;
Қымбатты тұрғындар!
Маған дауыс беріңіздер!
Дұрыс таңдау — дұрыс шешім!
Ізгі ниетпен,
Темирлан Мирманов
(Кандидаттың үгіт-насихат материалдары аудандық аумақтық сайлау комиссиясы арқылы қаржыландырылады)