Тазалық акциясы жалғасуда

Тұратын жеріңді, айналаңды таза ұстау арқылы адам өзіне жақсы көңіл-күй сыйлайды. Әрі тазалық болған жерде таза ауа, жинақылық болады. Денсаулықтың кепілі тазалық екені бәрімізге аян. Олай болса, тазалықты әрбір адам өзінен бастауы керек.  Осындай бастаманы біздің ауылымыз да қолға алған болатын. Игі бастама аясында ауылдастарды татулықта өмір сүруді дәріптейтін, қоғамдық сана қалыптастыратын іс-шаралар көп өткізілгені абзал. Бұндай шаралардың жауапкершілікті арттыруға ықпалы зор болмақ. Әсіресе, халық қыстан аман шыққан соң көктемде өз аулаларын тазартуы әдетке айналған үрдіс.

  «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Тамды ауылдық округінде сенбілік жұмыстары жалғасуда. Сенбілік барысында ауылдық округ бойынша  453 түп көшет мекемелер ауласына және ауыл кіреберісіне отырғызылды. Көшеттердің күтімі қолға алынып, уақытылы суарылу жұмыстары жүргізілуде.

Акцияның басты мақсаты — экологиялық мәдениетті қалыптастыру және ауыл тұрғындарын қоршаған ортаны ластамауға, тазалықты сақтауға шақыру. Осы акция аясында Тамды ауылының  учаскелік полиция инспекторы  мен  Тамды ауылдық округінің бас мамандары ауыл ішін аралап, аула жанындағы  қыстан шыққан мал тезектерін  қоқыс полигонына шығару үшін  кейбір ауыл  тұрғындарына  ескертпе қағаздарын таратты.

Ауылымыздың көркеюі мен гүлденуі өз қолымызда. Осы  орайда, ауыл тұрғындарын сенбілік жұмыстарына атсалысып, өңірімізді таза ұстауға шақырамыз.

Г.Умирзакова,

Тамды ауылдық округінің

 бас маманы