ТЕМІРЛІКТЕРДІ ТАҢДАУ ЖАСАУҒА ШАҚЫРДЫ

Темір ауданына қарасты Ақсай ауылдық округінде Конституцияның жаңа жобасын тұрғындарға түсіндіру мақсатында кездесу өтті.

Басқосуда аудандық мәслихат төрағасы Б.Шаимов, аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ә.Бақытқызы, тарихшы Ж.Бакиев, заңгер Г.Мұхиева тұрғындарға жаңа реформаның мән-маңызы туралы айтты. Соның ішінде спикерлер «Жаңа Конституция – құқықтық мемлекеттің берік негізі», «Конституция – тарихи сабақтастық пен ұлттық құндылықтардың кепілі», «Конституциялық реформалардың қоғамдағы маңызы» тақырыптары бойынша баяндама жасады.
Тұрғындар өз сұрақтарын қойып, спикерлерден толық жауап алды. Конституцияның қоғамдағы маңызын түсіндіруге бағытталған мұндай отырыстар басқа ауылдарда да жалғасын таппақ.

Айәли АЙБЕК,
Темір ауданы.