Тоқмансай орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Э.И.Кушкимбаеваның «Гиперсілтемелер» тақырыбында өткізген ашық сабағының қысқа мерзімдік жоспары
Қысқа мерзімді жоспары | ||||
Бөлім | Мәтіндік құжатпен жұмыс істеу | |||
Педагогтың аты-жөні | Кушкимбаева Э.И. | |||
Күні | 18.04 | |||
Сынып 6 | Қатысушылар саны | 10 | Қатыспағандар саны | |
Сабақтың тақырыбы: | Гиперсілтемелер | |||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары
|
6.2.2.1 сілтемелерді ұйымдастыру (гиперсілтемелер, мазмұны, тақырыптар, түсіндірмелер);
6.4.2.3 авторға сілтеме жасайтын ақпаратпен ілестіру; 6.4.2.2 «авторлық құқық», «плагиат» ұғымдарын түсіндіру; |
|||
Сабақтың мақсаты: | — Мәтіндік құжатта гиперсілтемелерді кірістіру.
— «Авторлық құқық», «плагиат» ұғымдарын түсіну. — Мәтіндік құжатта авторға сілтеме жасау |
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезені/ уақыт | Педагогтың әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Сабақтың басы | 1. Оқушылармен амандасу, түгендеу
2. Үй тапсырмасын тексеру Өткен тақырыпты learnigapps.org платформасы арқылы тексеру. 3. Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру.
Ой қозғау. Экранға суреттер шығады, сол суретті сипаттау арқылы сабақтың тақырыбы мен мақсаттарының байланысын анықтау.
|
1. Мұғаліммен амандасады.
2. Оқушылар бос орындарды тиісті сөздерді таңдап толтырады. Жауаптарын тексереді 3. Сабақтың тақырыбын дәптерге жазады. Сабақтың мақсаттарымен танысады. Суреттердің сабақтың тақырыбы мен мақсаттарына қандай байланысы бар екендігін анықтайды. |
Дескриптор:
— Нұсқама-ның не үшін қолданылатынын біледі; — Мәтіндік редакторда нұсқаманы кірістіруді біледі
Бағалау парағына 2 балл
|
https://learningapps.org/40394252
Слайд |
Сабақтың ортасы | Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Мектепте сабақта және сабақтан тыс уақытта берілген тапсырмаларды орындау барысында ақпарат іздеп, интернетті сан рет ашуға тура келеді. Интернеттегі авторлық құқық мәселесі-өте күрделі мәселе. Интернет кеңістігінде ақпарат еркін таратылғанымен, онда жарияланған ақпараттың бәрін еркін пайдалануға болмайды. Интернет сайттарындағы әрбір әдемі сурет, қызықты мақала, ән, музыка, кино немесе басқа да жарияланған өнер туындыларының авторы бар. Интернет әлемінде авторлық құқықты қорғау шынайы өмірдегідей жүзеге асырылады. Сайттарда жарияланған мәтіндер мен суреттер авторлық құқық туралы заңға сәйкес қорғалады. Авторлық құқық- авторлық құқықпен қорғалған автордың туындыларын қайта шығаруға немесе басқалардың пайдалануына рұқсат беру құқығы. Авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға мыналар жатады: Ø Мақалалар, ғылыми еңбектер, компьютерлік программалар, әдеби шығармалар; Ø Көркемөнер туындылары; Ø Архитектуралық сызбалар; Ø Әннің сөзі мен музыкасы; Ø Пьесалар және сценарийлер; Ø Кинофильм және мультфильмдер; Ø Дыбыстық жазбала, фотосуреттер. © таңбасы кез келген туындының авторлық құқықпен қорғалғанын көрсетеді.Егер автор өз туындылары орналасқан сайтқа осындай таңбаны қойса, пайдаланушыға сайтта жарияланған электрондық туындылардың авторлық құқықпен қорғалғанынан хабардар етіп отырады. Мысалы, интернеттегі кез келген поэзиялық немесе прозалық шығарманы өз сайтыңа немесе басқа сайтқа өз атыңнан жариялай салу өте оңай. Бірақ мұндайды заң тілімен айтқанда плагиат дейді. Интернеттегі ақпарат автор құқығын бұзбай қолдану үшін: Ø авторлық құқық белгісін қою; Ø дереккөзді көрсету; Ø ақпарат орналасқан түпнұсқа сайтқа тікелей сілтеме беру керек. Енді осы сілтемелерді мәтіндік құжатта қалай жасайтынымызға тоқталайық. Гиперсілтеме-құжаттың өзіндегі әріп, сөз, сөйлем, абзац немесе графикалық объектілердің біріне сілтеме беретін гипермәтіндік құжаттың бөлігі. Сонымен бірге жергілікті дискідегі файлдарға, компьютерлік желіде файл, бума, қосымша, веб-беттерге сілтеме беріледі. Көрсетілім Word-та гиперсілтемені іске қосу үшін гиперсілтеме қойығымыз келетін әріп, сөз, сөйлем, абзац немесе графикалық объектілердің бірін ерекшелеп аламыз. Вставка →Гиперссылка командаларын орындаймыз. Гиперсілтеме кірістіру: ü Ерекшеленген объектіні сыртқы файл немесе веб-бетпен байланыстыру. ü Ерекшеленген объектіні құжаттың ішіндегі екінші бір орынмен байланыстыру. ü Ерекшеленген объектіні жаңадан құрылатын құжатпен байланыстыру. ü Ерекшеленген объектіні электронды поштамен байланыстыру. Ерекшеленген объектіні құжат ішіндегі екінші бір орынмен байланыстыру үшін Закладка кірістіруіміз керек. Гиперсілтемені құжаттан алып тастауыдың бірінші тәсілі-контекстік мәзірден Удалить гиперссылку командасын таңдау. Екінші тәсілі-гиперсілтеме берілген объектіні ерекшелеп, Вставка гиперссылки сұхбат терезесінен адрес жолағындағы сілтемені Удалить ссылку алып батырмасы көмегімен орындау.
Жеке жұмыс. 1- тапсырма. Оқулық § 4.2-4.3, 113-бет, «Практикада қолдану» тапсырмасы
Дескриптор: -мәтіндік редакторды іске қосуды біледі; -мәтіндік редакторда мәтін жаза алады; -гиперсілтеме кірістіру командаларды пайдаланады; -құжатты өз атауымен сақтайды.
ҚБ: / 4 балл/
Оқушылардың орындау деңгейіне қарай қосымша тапсырма: Тапсырмада жасалған гиперсілтеменің біреуін өшіріп, басқа түріне ауыстыру (сайтқа сілтеме немесе құжаттың ішіндегі басқа жерге сілтеме)
Бекіту тапсырмасы: Тақырып бойынша Quizziz платформасында шағын тест орындау
Дескриптор: — «авторлық құқық» ұғымын біледі; — «плагиат» ұғымын біледі; — гиперсілтемелердің түрлерін біледі; — құжатқа бетбелгі кірістіруді біледі. |
Мұғалімді тыңдайды
«Авторлық құқық» ұғымы туралы анықтамасын дәптерге жазады
«плагиат» ұғымы туралы анықтамасын дәптерге жазады
1-тапсырманы орындайды
Компьютермен тестті орындайды
|
Бағалау парағына орындау деңгейіне қарай максималды 4 балл
Бағалау парағына орындау деңгейіне қарай максималды 4 балл
|
Презентация, Дәптер
Компьютер, Word программасы
https://quizizz.com/admin/quiz/680165ad4202da9fde66deaf?at=6801661bef655954fc5f2f6e |
Сабақтың соңы | 1.Оқушыларға өзін-өзі бағалауды ұйымдастырады.
2.Кері байланыс: Padlet тақтасында әр оқушы сабаққа кері байланыс жазады: ТҮСІНДІМ, ТҮСІНУ ҚИЫН БОЛДЫ, ТҮСІНБЕДІМ |
Өзін-өзі бағалау парағына жиналған ұпай санын санап, мүғалімге тапсырады.
|
https://padlet.com/elmirakozhakhmetova/padlet-zcpmrccfx5z6kty6 | |
Үй тапсырмасы | § 4.4, 117-бет «Үй тапсырмасы» |