Түзетулер енген Конституцияның алғашқы жобасы әзірленді — Эльвира Әзімова

− Конституцияны реформалау бойынша ұсыныстар әлі де келіп жатыр. Бұл туралы Конституциялық комиссия отырысының модераторы, ҚР Конституциялық Сотының төрайымы Эльвира Әзімова айтты.
− Қазір қолыңызда бірінші жоба ұсынылған. Алдыңғы отырыста біз салыстырмалы кестені жан-жақты талқылап, жобаны мәтіндік нұсқада әзірлеуге келіскен болатынбыз. Ұсыныстар әлі де келіп жатыр. Оның ішінде комиссияның жұмыс органы — Конституциялық сот аппаратына да келеді. Қазіргі уақытта 13 тұлғадан ұсыныстар келді. Барлық материал біздің жұмысымыздың аясында қаралуы тиіс, − деді Эльвира Әзімова Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның 4-отырысында.
− Дайындалған Конституция жобасының мәтінін мұқият қарау керек болады. Сондықтан қазір мәтінмен топтарда жұмыс істейміз. Сол бойынша нақты тұжырымдалған норма редакцияларымен бірге ұсыныстар беруді сұраймын. Біз оны топтық жұмыс аясында талқылайтын боламыз, − деді Конституциялық Сот төрайымы.
@qazaqparat_kz