«Тұрмыс» жедел алдын алу шарасы
20-29 қаңтар аралығында Алға ауданы аумағында республикалық «Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Бұл шараның негізгі мақсаты – отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы және алкогольдік мас күйінде жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу.
Іс-шара аясында келесі бағыттарда жұмыстар жүргізіледі:
- Профилактикалық есепке алынуға жататын адамдарды анықтау;
- Спирттік ішімдіктерге үйір, құқық бұзушылыққа бейім азаматтарды есепке қою;
- Тұрмысы төмен отбасыларды тексеріп, оларды қолдау шараларын ұйымдастыру.
Алға ауданының полиция бөлімі бұл жұмыстарды белсенді түрде жүзеге асырып, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін нақты қадамдар жасауда. Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобы акция барысында тұрмыстық құқық бұзушылықтарды болдырмау және алдын алу мақсатында халықпен тығыз жұмыс істеуде.
Тұрмыстық құқық бұзушылықтарды азайту және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – қоғамдағы тыныштық пен тәртіптің кепілі. Бұл бағытта жүргізіліп жатқан «Тұрмыс» іс-шарасы халық арасында құқықтық тәртіпті нығайтуға үлес қосатыны сөзсіз.
З.Даулетова,
Алға ауданы ПБ әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау
тобының инспекторы полиция лейтенанты