Адам туберкулезді туберкулезбен ауыратын адаммен сөйлескен уақытта оның жөтелген кезінде (ең қауіпті фактор — науқастың қақырығы, қолайсыз әлеуметтік жағдайларда иммунитеттің төмендеуі, дұрыс тамақтанбау, стресс, алкоголизм, темекі шегу, нашақорлық),түшкіру, әңгімелесу кезінде (тері, шырышты қабық, жоғарғы тыныс жолдары арқылы), ананың құрсағындағы нәрестеге, сонымен қатар жануарлардың сүт өнімдерін жеген кезде жұқтыруы мүмкін.
Туберкулез ауруының белгілері:
- жалпы әлсіздік, тез шаршағыштық, ұзаққа созылған жөтел және дене температурасының 37 және 37,5ᵒС дейін көтерілуі, түнде терлеу, аз жүктеме кезінде ентігу, қан түкіру.
Негізгі ескерту шаралары:
- Жыл сайын дәрігерге бару, флюрографиядан өту, балаларды БЦЖ вакцинациялау, спортпен шұғылдану, дұрыс калориялы, дәрумендерге бай тамақ ішу, еңбек пен демалыстың ұтымды режимі, жаман әдеттерден бас тартып, жеке бас гигиенасын сақтау.
Өзіңіз бен жақындарыңызға қамқор болыңыз!
Н.Утегенов,
Алға аудандық санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының басшысы