Тырысқақ – аса қауіпті
Тырысқақ (холера) — аса қауіпті) жіті ішек инфекциясы. Тырысқақтың қоздырғышы — тырысқақ вибрионы деп аталатын бактериясы.
Ауруды қоздырғыш, әдетте, ағзаға зарарлы тамақпен немесе сумен енеді – бұл тырысқақтың негізгі берілу жолдары. Көбінесе бұл аурудың таралуы санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың жеткіліксіз деңгейімен, сондай-ақ адамдардың өздері гигиенаның негізгі ережелерін сақтамауымен және тексерілмеген тағамдарды жеп, лас су ішуімен байланысты.
Тырысқақтың пайда болуы себептері
Ауру ластанған су немесе азық-түлік арқылы беріледі. Инфекция көзі – адам. Бактерия ағзаға залалды тағаммен немесе сумен бірге ене алады, содан кейін асқазаннан өтіп, нәтижесінде микроағза аш ішекке экзотоксин бөлінуі арқылы түседі. Бұл токсин ішек жолына судың, сондай-ақ калий мен натрий сияқты электролиттердің түсуінен әртүрлі химиялық реакцияларды тудыруы мүмкін. Соның нәтижесінде сұйық диарея пайда болып, ішектегі нәжіспен бірге осы микроэлементтер де шығып кетуі мүмкін, соның салдарынан адам ағзасы сусызданып, электролиттік теңгерімнің бұзылуы да пайда болады. Уақытылы диагноз қойылып, ем жүргізілмеген жағдайда өлімге әкелуі мүмкін.
Тырысқақ вибрионының сыртқы ортадағы тұрақтылығы жоғары.
Бірақ тырысқақ вибрионы төмен температураға және тіпті қатыруға төзімді.
Аурудың белгілері
- Қалтырау;
- Іштің көп және сұйық болып өтуі. Нәжістің түсі әртүрлі: ол сары-жасыл немесе қоңыр болуы да мүмкін;
- Құсу. Көбінесе лоқсымай, кенеттен пайда болады;
- Іштің шұрылдауы, кебуі, аздап ауырсыну;
- Іш суға толып тұрған сияқты сезіну;
- Құрғақтық сезімі. Ерін кеуіп, су ішкің келуі, әлсіздіктің байқалуы. Кейбір жағдайларда ерін көгеруі мүмкін;
- Дененің сусыздануымен байланысты қан қысымының төмендеуі;
- Бас ауруы – бастың маңдай тұсының ауыруы.
- Тырысқақтың бұл белгілерімен қиындықтың шектелмейтінін түсіну керек. Егер науқасқа уақтылы көмек көрсетілмесе, ол асқыну қаупін тудырып, оның арты қатерге ұшыратуы мүмкін.
Н.Утегенов
Алға аудандық санитариялық-эпидимологиялық
бақылау басқармасының басшысы