«Үш бәйтерек» әдеби кеші өтті

13 қараша күні Ізтай Мәмбетов атындағы балалар кітапханасында қазақ руханияты мен әдебиетінде мәңгілік өшпес із қалдырған биік тұлғаларымыз Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлиннің өмірі мен шығармашылығына арналған «Үш бәйтерек» атты әдеби танымдық кеш өтті.

Биыл қазақтың үш діңгегі, алып бәйтерегіміздің туғанына 130 жыл толып отыр.  Олар аз ғана ғұмыр кешсе де, кейінгі ұрпаққа мәңгілік өшпес мол мұра қалдырды. Әрқашан туған халқының азаттығын, олардың надан болмауын аңсаған қазақ зиялылары «Үш бәйтерегіміз» ұлтшыл атанып, жазықсыз жазаланды. Маңызы жоғары шара барысында кітапхана қызметкерлері оқушыларға үш қаламгердің тағдыры мен  шығармашылығы жайлы, сол замандағы әдебиет жөнінде танымды деректер баяндады. Аранйы жасақталған кітап көрмесі таныстырылды. Оқушылар қызығушылықпен тамашалап, сұрақтарына жауап алды.

N4 Алға орта мектебінің 5 сынып  оқушылары  Молдашова Інжу, Атабай Айша, Нұрлыбай Жанерке  Сәкен Сейфуллиннің өлеңдерін оқыса, Ринатұлы Аққуан  Ілияс  Жансүгіровтің  өлеңін жатқа айтты. Ұйымдастырушылар Алаш арыстарының қилы тағыдыры мен шығармашылығына арналған әдеби кештер әлі де жоспарға сәйкес өткізіліп тұратынын айттты.

 

Марал САНДЫБАЙ