Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының Ұлттық қордан балаларға қаражат бөлуі — қазақстандықтардың болашаққа деген сенімін нығайта түскендей.
Бұған дейін өзге мемлекеттерде осы бағытта жасалып жатқан жұмыстарға қызыға қарайтын едік. Енді, міне, Қазақстан Республикасының азаматы ретінде балаларымызға көңіл бөлінуде.
Әрқилы тағдырлы өмірде әр баланың кәмелет жасқа толған сәтінде болашаққа нық қадам басуына үлкен ықпал ететіні сөзсіз.
Бүгінде елімізде күн санап оң өзгерістер орын алып келе жатқан кезеңде ел ертеңі үшін әлі де жаңа жобалардың жүзеге асырылатынына сенемін.
Әсел Сарбасова
Қала тұрғыны
Көпбалалы ана