Осыдан тура 101 жыл бұрын, 1924 жылы қазақ тарихындағы маңызды кезеңдердің бірі – V съезд өткен. Араға бір ғасырдан аса уақыт өткенде елімізде V Ұлттық құрылтай өтіп отыр.

Бұл – тарихтың сабақтастығы, бұл – ұрпақтар арасындағы байланыс, бұл – ел тағдырын талқылау дәстүрінің жалғасуы.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Ұлттық құрылтайда ұлт болып ұйысуымыздың арқасында көптеген қиындықтар мен мәселелердің түйіні шешілетіндігін жеткізе келе, сол жолда басылған нық қадам, қажырлы еңбек, жауапкершілік болу керектігін айтты. Алқалы жиында қабылданған маңызды шешімдердің барлығы үлкен мәнге ие екендігін ешкім жоққа шығара алмайды.

Марал Жалғасқызы,

Алға аудандық «Жұлдыз-Звезда» газетінің тілшісі