ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайда айтқан тапсырмалары – кезекті саяси мәлімдеме емес, ел дамуының нақты бағытын айқындайтын стратегиялық бағдар. Мемлекет басшысы көтерген мәселелердің өзегі – қоғамның сапалық жаңаруы, ұлттық сананың күшеюі және әр азаматтың жауапкершілігін арттыру.
Ұлттық құрылтайда айтылған ойлардың түйіні біреу: ел тағдыры – тек биліктің емес, бүкіл халықтың қолында. Мемлекет басшысы қоғамды сырттай бақылаушы емес, белсенді қатысушы болуға шақырды. Бұл – бүгінгі Қазақстан үшін аса маңызды үндеу.
Қорытындылай айтқанда, Президент Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдағы тапсырмалары – елді жаңғыртудың айқын жол картасы. Ендігі мәселе – сол сөздердің нақты іске айналуы. Ал ол үшін әр азамат өз орнында адал еңбек етіп, ел болашағына бейжай қарамауы тиіс. Ұлттық құрылтайдан бастау алған бұл жауапкершілік рухы Қазақстанды жаңа белеске бастайтынына сенім мол.
М.Тажибекова,
Алға аудандық «Жұлдыз-Звезда» газетінің редакторы