Бұл біз сияқты күнделікті Ақтөбеге қатынап жүрген тұрғындар үшін өте маңызды жаңалық болды. Жаңа автобустардың жайлылығы мен қауіпсіздігі көңілімізден шығып отыр, ал қозғалыс уақыты да барынша ыңғайлы.

Ең қуантарлығы – жол ақысы бұрынғысынша 400 теңге болып қалды. Бұл әсіресе зейнеткерлер мен студенттер сияқты тұрғындардың қалтасына ауыр салмақ түсірмейді. Қоғамдық көліктің осындай қолжетімділігі барлық тұрғындарға тиімді деп ойлаймын.

Бұл бастама – халықтың қажеттілігін ескеріп, тұрмысын жеңілдетуге бағытталған үлкен қадам. Алдағы уақытта да маршрут қызметінің сапасын арттырып, қозғалыс кестесін тұрақты ету жұмыстары жалғаса береді деген сенімдемін. Осыны ұйымдастырған азаматтарға алғысымды білдіремін.

Ж.Аққағазова
Аудандық әжелер кеңесінің төрағасы
Қала тұрғыны