Жаңа Конституция – экономикалық еркіндік пен әлеуметтік жауапкершіліктің үйлесімі

Меніңше, жаңа Конституция жобасындағы экономикалық және әлеуметтік бағыттағы нормалар – мемлекет пен азамат арасындағы жауапкершіліктің жаңа деңгейін айқындайды. Жекеменшікке кепілдік берілуі және кәсіпкерлік еркіндігінің қорғалуы – әр адамның өз идеясын жүзеге асыруына жол ашатын маңызды мүмкіндік. Бұл экономиканы әртараптандыруға және бәсекелестікті күшейтуге оң әсер етеді деп ойлаймын.

Әлеуметтік қорғау мәселесіне келсек, ең төменгі төлемдерге кепілдік беру – халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған маңызды шешім. Ерікті әлеуметтік сақтандырудың ынталандырылуы да азаматтардың болашағына жауапкершілікпен қарауына жағдай жасайды. Бұл жерде мемлекет тек бақылаушы емес, нақты қолдаушы рөлін атқаратыны байқалады.

«Заң және тәртіп» қағидаты арқылы қауіпсіздік пен озбырлықтан қорғау мәселесінің Конституциялық деңгейде бекітілуі – кез келген адам үшін сенімді қорған. Заң алдындағы теңдік сақталған жағдайда ғана шынайы «Әділетті Қазақстан» құру мүмкін деп санаймын. Сондықтан бұл өзгерістерді мен қоғамдағы тұрақтылық пен сенімді арттыратын маңызды бастама ретінде қабылдаймын.

М.Казбаева,

жас белсенді