Жаңа Парламентті жасақтау тәртібі – елдегі саяси жүйені жаңғыртуға және халықтың билікке деген сенімін арттыруға бағытталған маңызды қадам деп есептеймін. Парламенттің жаңа тәртіппен қалыптасуы өкілді органның құрамын әртараптандырып, қоғамдағы түрлі әлеуметтік топтардың мүддесін кеңірек қамтуға мүмкіндік береді.

Бұл өзгерістер сайлау процесінің ашықтығы мен әділдігін күшейтіп, азаматтардың саяси белсенділігін арттыруға ықпал етеді. Сонымен қатар, депутаттардың бәсекелестік негізде сайлануы олардың кәсіби деңгейін көтеріп, заң шығару қызметінің сапасын жақсартуға жағдай жасайды.

Жалпы алғанда, Жаңа Парламентті жасақтау тәртібі мемлекетті басқару жүйесін демократияландыруға, халық үніне құлақ асатын тиімді Парламент қалыптастыруға бағытталған оң бастама екені сөзсіз.

Тамды ауылының тұрғыны
Тулеуова Жанар Темирболатовна