Жаңа жыл әр халықтың асыға күтетін мерекесі. Себебі, күндіз-түні қарбалас тіршілікте жүретін адамдар мерекенің арқасында бір-біріне көбірек көңіл бөліп, алыстағы ағайынның хабарласып құттықтап, айналасындағы жақындарына сыйлық беріп, арқа-жарқа болатын кезі. Осы орайда…
Дәстүрге айналған думанды мерекеде алғалықтар орталық алаңға жиналып, қуаныштарымен бөлісті. Мерейлі мерекеге күні қала тұрғындары мен қонақтарының назарына концерттік бағдарлама ұсынылды.
Шаттыққа бөлеген мерекеге аудан басшысы Нұрбол Ержанов қатысып, көпшілікті мерекемен құттықтады.
- «Жаңа жыл – жаңа күн, жаңа өмір бастауы саналатын, өткенге салауат айтып, ертеңге тілек тілейтін жарқын мерекенің бірі. Сондықтан да, Жаңа жылға әр адам үкілі үмітпен, ізгі ниетпен және ақ тілекпен қадам басады. «Өткен жылға өкпе жоқ, келер жылдан үміт көп» демекші тарих қойнауына енгелі тұрған 2023 жыл тұтас ел үшін, соның ішінде, Алға халқы үшін берекелі, жетістікке толы жыл болды. Енді есігімізден еніп, төрімізге озғалы отырған, жыл басы саналатын Ұлу жылында елімізде тыныштық, молшылық болсын!» — деп, аудан басшысы әрбір шаңыраққа амандық, құт – береке тіледі.
Жаңа жылды алаңда қарсы алғандардың қарасы қалың болды. Олар биыл да қызылды-жасылды түске боялып, айналаны қуанышты көңіл-күйге бөлеген мерекелік отшашуға куә болып, тарихи мезетті суретке түсіруге асықты. Концерттік бағдарлама барысында аудандық мәдениет үйінің, сандай-ақ мемлекеттік және мемлекеттік емес қызметерлерінің өнерлері тамашаланды. Сонымен қатар, мерекелік ән айтылып, жаңа жылдық бағдарлама көпшілік көңілінен шықты. Осылайша аудан жұртшылығы от шашуды тамашалап, көтеріңкі көңіл күймен ұлу жылын қарсы алды.