Жақыныңа жанашыр бол
Елімізде әлі күнге дейін көптеген зорлық-зомбылық жағдайлары сотқа жетпей, отбасы деңгейінде жабылады. Бұл жағдайда ең осалы әйелдер мен балалар болып отыр. Отбасындағы зорлық-зомбылық неге жабық тақырыпқа айналды? Себебі, сана әлі толық трансформацияланбады.
Тұрмыстық құқық бұзушылықтарға талдау жүргізу кезінде отбасылық жанжалдар негізінен отбасының материалдық деңгейінің төмендігінен, жұмыссыздықтан, ойын құмарлығынан, маскүнемдіктен, адамгершілік құндылықтардың төмендеуінен және отбасы институтын жоғалтудан туындайтыны анықталды.
Ауданымызда 2024 жылдың басынан тұрмыстық зорлық-зомбылық сипаттағы 89 дерек тіркелді. Олардың ішінде қайта жасалған шақыртулар саны — 1. Қозғалған әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша әкімшілік қамаққа алынғандар саны – 37. Ескерту берілгендер саны – 12 болса, татуласуына байланысты қысқартылғандар саны – 40.
- 102 арнасына келіп түскен барлық отбасылық жанжалдар бойынша қорғау нұсқамасы шығарылып, есепке алынады.
Егер сіз тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырасаңыз, не болмаса туысыңыздың, құрбыңыздың, көршіңіздің зорлық-зомбылыққа
ұшырағанына куә болсаңыз, бұл туралы тәулік бойы «102» жүйесіне, Алға ауданы ПБ кезекші бөліміне (871337) 4-16-02 хабарласу қажет. Сонымен қатар, Алға ауданы ПБ әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторына 8778-858-12-56 тел нөміріне хабарласуыңызды сұраймыз. Алға ауданы полиция бөлімінде №29 кабинетте күнделікті қабылдау жүреді. Егер сізге психологиялық көмек қажет болса Алға қаласы, Айымбаев көшесі 32 үйде орналасқан отбасын қолдау және дағдарыс орталығына шақырамыз.
З.Даулетова,
Алға ауданы ПБ ӘЗЗҚт
инспекторы, полиция лейтенанты