2023-2024 жылдары Алға қаласында 2 мектеп күрделі жөндеуден өтіп, оқушыларға қолайлы, әрі жайлы жағдай жасалған болатын. Білімнің қара шаңырағы атанған №3 Алға қазақ орта мектебінің бүгінгі келбеті қала көркін аша түскендей.

Әсіресе, кабинеттердің жаңа жабдықтармен толығуы, заман талабына сай парта мен орындықтардың орналастырылуы оқушылардың білім алуына жаңа дем ашқандай.

Менің екі балам да осы мектептен білім алады. Ата-ана ретінде балаларға жасалған бұл мүмкіндік үшін үлкен алғысымды білдіремін. Жыл өткен сайын балаларға жасалған жағдайлардың барлығы көңілімізден шығып, жүрек түбіндегі күдікті сейілткендей.

А.Орынбасарова
Қала тұрғыны
Ата-ана