«Таза Қазақстан» акциясы
🔸Акция аясында Ақтөбе су қоймасының айналасындағы қалдықтарды жинауға арналған қаптар мен құрал-жабдықтар таратылды. Тазалық жұмыстары бірнеше сағат бойы жүргізілді. Жиналған қоқыстар кейін арнайы орындарға жеткізілді.
💭Акцияға қатысқан еріктілердің бірі — Жансейіт Қуандық. Ол табиғатты қорғау — әрбір азаматтың парызы дейді.
«Таза Қазақстан» акциясы – туған өлкемізге деген жанашырлығымызды нақты іспен көрсетуге берілген мүмкіндік. Қоршаған ортаның тазалығы – тек бүгінгі күннің емес, болашақ ұрпақтың денсаулығы мен амандығының кепілі. Біз жастар – өзімізден бастап, қоғамға оң өзгеріс әкелуге дайынбыз. Табиғатты аялау – болашақты ойлау деп білемін»,
— деп атап өтті Ж.Қуандық.
✔️«Таза Қазақстан» акциясы – жай ғана тазалық жұмыстары емес, бұл – еліміздің табиғатына, болашағына деген жанашыр көзқарасты қалыптастыруға бағытталған маңызды әлеуметтік бастама. Облыстық жастар ресурстық орталығы осындай экологиялық шараларды тұрақты түрде ұйымдастырып келеді. Алдағы уақытта да жалғастыра бермек.
@emergovkz / t.me / insta / fb / tiktok