Президенттің Үкіметке инвестиция тарту жүйесін түбегейлі жаңғырту жөніндегі тапсырмасы – уақыт талабынан туған шешім. Бүгінде Қазақстанға келіп жатқан қаражаттың басым бөлігі шикізат саласына бағытталуда. Ал жаңа кезеңде негізгі мақсат – өңдеу өнеркәсібіне, инфрақұрылымға және жоғары технологияларға инвестиция тарту. Инвесторлармен жұмыста қағазбастылық пен құзыреттердің қайталануы жойылып, жүйе бір орталықтан үйлестірілуі тиіс. Бұл қадам елдің инвестициялық тартымдылығын арттырып қана қоймай, жаңа өндірістер ашуға, халықтың әл-ауқатын жақсартуға және экономиканы әртараптандыруға зор үлес қосады.

Сапаров Куандык Базарбайулы

белсенді жас.