Тазалық – саулық кепілі
Жедел ішек инфекцияларының алдын алу шаралары және алғашқы көмек көрсету
Жедел ішек инфекциялары – бұл бактериялар, вирустар тудыратын және балалар мен ересек адамдарда ішек қызметінің бұзылуымен (диарея) сипатталатын жұқпалы ауру.
Жұқпалы жедел ішек ауруларының бас көтеретін мезгілі қазіргідей жылы мезгілдер болып есептеледі. Бұл ішектің ауруға шалдығуынан, кейде іштің бұзылуы, организмнің кейбір тағамдарды қорыта алмауымен байланысты.
Инфекция ауыз арқылы жұғып, қоздырғышы ішекте өсіп жетіледі де, микробтары нәжіспен сыртқы ортаға түсіп, тарайды.
- Инфекция гигиеналық тазалықтың төмен дәрежеде болуынан, азық-түліктің, яғни жуылмаған көкөніс, пісірілмеген сүт, сапасыз шала пісірілген тағамды қолдану, сондай-ақ, ауыз суды қайнатпай ішу, лас суға түскен кезде жұғуы мүмкін. Жаз айларында инфекцияны көп жағдайда шыбындар таратады.
Аурудың алғашқы белгілері:
- Іштің жиі су сияқты өтуі;
- дене қызуының көтерілуі;
- нәрестенің емшектен бас тартуы;
- асқа тәбеті болмау;
- шөлдеу;
- құсу;
- бас ауруы;
- жалпы әлсіздік;
- селқостық;
- мазасыздық;
- ауырсыну;
- дәретінде қан қоспасының немесе кілегейдің пайда болуы.
Қайталамалы құсып, іш өткен сайын науқастың жағдайы ауырлай түседі. Өйткені, организм өз тіршілігіне қажетті су мен тұздарды көп жоғалтады. Жоғарыдағы аталған клиникалық белгілер пайда бола бастаған сәттен-ақ дәрігерге көріну керек. Дәрігер келгенге дейін біраз уақыт өтуі мүмкін. Мұндай жағдайда мүмкіндігінше ем жасай бастаған жөн. Ол үшін сұйықтықты мол, жиі ішкізген жөн. Өздігінше емделу аурудың асқынуына әкеліп соғуы немесе созылмалы формаларына ұласуы мүмкін. Антибиотик қабылдау сырқаттың клиникалық сипатын өзгертеді. Мұның өзі дұрыс диагноз қоюды қиындатады.
Ішек инфекциялары – кір қолдың ауруы
Жіті ішек жұқпасын болдырмау үшін қарапайым ережелерді сақтаған жөн:
- суды тұтынар алдында міндетті түрде қайнатыңыз немесе бөтелкедегі суды ішіңіз;
- жеміс-жидек пен көкөністі ағынды су астында жақсылап жуғаннан кейін пайдаланыңыз;
- шөлмектегі және пакеттегі сүтті қайтанып ішкен дұрыс;
- өнімдердің жақсылап қуырылып, қайнатылуына көңіл бөліңіз. Етті кем дегенде 2-2,5 сағат, ал балықты 30 мин қайтану керек;
- жұмыртқаны шикі немесе шала қайнатылған күйінде қолданбаңыз;
- дайын тамақты пайдалану кезінде оның исіне, дәміне мұқият мән беріп, тез бұзылатын тағам өнімдерін тоңазытқышта сақтаңыз;
- жаңа әзірленген тағамды тұрып қалған тағамммен араластыруға болмайды. Сондай-ақ, дайын тағам мен шикі тағамдарға ортақ кесетін тақтай пайдалану дұрыс емес;
- майонез не маймен араласқан салаттарды 3 сағаттан ұзақ сақтауға болмайды;
- баланы әрбір тамақтандырар не тамағын дайындар алдында қолды жақсылап сабындап жуу керек. Оның әрбір затын, ойыншықтарын, бөтелкесі мен емізіктерін таза жағдайда ұстаңыз;
- арнайы көрсетілген жерлерде шомылыңыз;
- ішек инфекцияларының алдын алу үшін жеке бас тазалығын қатаң сақтаңыз.
P.S: Егер сізде ішек жұқпасының алғашқы белгілері пайда бола бастаса, дереу дәрігерге көрініңіз. Өздігінен ем қолдануға болмайды. Әсіресе антибиотиктерді пайдаланбаңыз. Бұл әртүрлі асқынуларға әкеледі. Сонымен қатар, бактерия тасымалдаушылыққа себеп болады. Осының салдарынан отбасыңызда не болмаса байланыста болған басқа адамдардың арасында ішек жұқпасының қайталану жағдайлары болуы әбден мүмкін.
Н.Утегенов,
Алға аудандық санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының басшысы