Заңды тұту – басты парыз

Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу

жөніндегі талаптарын бұзғаны үшін лицензиясынан айырылды

Ақтөбе облысы Алға аудандық сотында аз. Б-ға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 200-бабының 3-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға сәйкес аз. Б., 8 наурыз 2024 жылы 21 сағат 15 минут шамасында Алға қаласы 5 мөлтек ауданының бойынша орналасқан «Алижан» дүкенінде дара кәсіпкер Б. этил спиртінің көлемінде үлесі отыз пайыздан асатын алкоголь өнімінің сағат 21-ден келесі күнгі сағат 12-ге дейін бөлшек сауда арқылы өткізген.

  • Осылайша, ол ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің» 200-бабының 3-бөлігінде көзделген тил спиртінің көлемді үлесі отыз пайыздан асатындарын сағат 21-ден келесі күнгі сағат 12-ге дейін бөлшек сауда арқылы өткiзу – лицензияның қолданысын тоқтата тұрып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады) әкімшілік құқық бұзушылықты жасады.

Сот отырысында аз.Б., өз кінәсін мойындап, хатамада көрсетілген мән-жайларды растап, жасаған ісіне өкінетінін айтып, қатаң жаза қолданбауын сұрады.

Аз. Б-ың әрекеті өз кінәсін мойындаған түсініктемесімен қатар, іс құжаттарына тіркелген полиция қызметкерлерінің баянатымен, түсініктемелермен, 14.03.2024 жылғы әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, Алға аудандық кірістер басқармасының анықтамасымен, бейнежазбамен бекітілген.

Сот, жауаптылыққа тартылушының жауабын, іс құжаттарын зерттеп, төмендегі тұжырымға келді. ӘҚБтК-нің 200-бабынын 3-бөлігіне сәйкес, этил спиртінің көлемді үлесі отыз пайыздан асатындарын сағат 21-ден келесі күнгі сағат 12-ге дейін бөлшек сауда арқылы өткiзу – лицензияның қолданысын тоқтата тұрып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

P.S: Алға аудандық сотының қаулысымен азаматша кінәлі деп танылып, оған 103 376 (бір жүз үш мың үш жүз жетпіс алты) теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынып, бір ай мерзімге тиісті қызмет түріне лицензияның қолданысын тоқтату жазасы тағайындалды. Қаулы заңды күшіне енді.

 Алға аудандық соты