Жастар мемлекеттік қызметте

Әрбір дамыған өркениетті мемлекеттің айнасы — ол мемлекеттік қызметші. Сондықтан да ұлт мәртебесін көтеретін, ел абыройын асқақтататын мемлекеттік қызметші болу – абыройлы міндет. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың мемлекеттік қызметке кіруде артық кедергілерді жоюға бағытталған тапсырмасына сәйкес, мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға өзгерістер енгізілді. Бұл — білікті жастарды мемлекеттік қызметке тарту, өңірлердегі кадр тапшылығын шешу үшін қабылданған норма.  Осыған орай, 2023 жылы мемлекеттік тапсырыс шеңберінде Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетін орташа 3,73 GPA мәнімен аяқтаған Альфия Акатқызы Құрмантаева уәкілетті органның келісімі бойынша  аудандық мәслихат аппаратының жетекші маманы лауазымына конкурстық іріктеусіз тағайындалды. Ағымдағы жылдың 11 маусымында ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облыстық департаментінің ұйымдастыруымен 23 маусым Мемлекеттік қызметшілер күні мерекесіне орай өткен шараға Альфия Курмантаева қатысып, көпшілік алдында салтанатты түрде ант беріп, халқына адал қызмет етуге сенім білдірді. Мемлекеттік қызметке қабылданған жас маманға ел игілігі жолындағы қызметіне сәттілік пен табыс тілейміз!

М.Усманова,

Алға аудандық мәслихат

аппаратының бас маманы