Бүгін – Құрылысшы күні!
Жыл сайын тамыз айының екінші жексенбісінде Қазақстанда құрылыс саласының мамандары кәсіби мерекесін атап өтеді.
Бүгінде еліміздің құрылыс саласында миллионнан астам маман еңбек етіп, қалалар мен ауылдардың дамуына, жаңа нысандардың бой көтеруіне және заманауи инфрақұрылымның қалыптасуына зор үлес қосып келеді.
Құрылыс – елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен халықтың өмір сүру сапасын арттыруға тікелей ықпал ететін маңызды салалардың бірі. Әрбір салынған үй, мектеп, аурухана, жол мен өндірістік нысанның артында маңдай терімен еңбек еткен құрылысшылардың қажырлы еңбегі жатыр.
Барлық құрылыс саласының мамандарын кәсіби мерекемен құттықтаймыз!