Жолдау — оң өзгерістердің бастауы
Қазақстан Республикасында атом элетр станциясын салу бойынша Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдауында баса айтып өткен болатын. Қазіргі әлемде энергия тапшылығы күшейіп баратыны сөзсіз. Отанымызға сенімді және экологиялық таза қуат көздері қажет, сондықтан еліміз атом энергетикасын дамытуға баса мән беруі қажет. Ол дегеніміз экономикамыздың күн өткен сайын мол энергияны қажет ету. Мұндай сұранысты атом энергетикасы қамтамасыз ете алады.
Бүгінгі таңда 30 дамушы елдерде 200-ге жуық атом электр станциясы жұмыс жасап тұрғаны мәлім. Болашағымызды ойлау үшін бұл шешімнің оңтайлы жағын қарауымыз қажет. Бұндай стратегиялық жоспарлар қоғамда талқылануы қажет. Атом электр стансасын салу мәселесі бойынша Қазақстанмен серіктестік болуға тізімде Франция, Оңтүстік Корея, Қытай, Ресей елдері анықталды. Үкімет сарапшылары ядролық энергия көмірмен жұмыс істейтін станциямен салыстырғанда таза қуатты көзі деп мәлімдеме жасаған болатын. Жалпы еліміздің болашағы үшін мемлекетіміздің, Үкіметтің шешімін қолдаймын.
С.Жайшова,
А.Байтұрсынов атындағы орта мектептің
тарих пәнінің мұғалімі