1. АЭС салу-заман талабы. Жыл өткен сайын қажеттіліктер артып, жаңа технологиялар қарыштап дамып келеді. Бірақ, оның барлығының қозғалыста болуына, адамға қызмет көрсетуіне электр қуаты ауадай қажет. Миллиондаған адамға «қызмет» жасап отырған электр қуатының да шектелер уақыты болады. Біз осы күнге дейін Ресей мемлекетінен қуаттанып келсек, енді сол керекті өзіміздің елімізде де өндіру мүмкіндігін қолға алу жобасы қарастырылып жатыр.
    Жалпы «көштен қалмайтын» уақытта әуелі жағдайымызды жасап, сосын нық сеніммен алға ілгерілеу керек деп ойлаймын. Бүгінді зиянды затты ішіп отырған асымыздан да табуға болатынын ескерсек, АЭС-тен тек зиян ғана көруге болады деп атойлағандарға қарап қарным ашиды. Істің ақ-қарасын ашып, жеті рет өлшеп, бір рет кесу үшін 6 қазанда барша қазақстандықтар үшін референдум өткелі отыр.

Дұрыс шешім қабылдау әркімнің өз еншісінде. Өткенді еске алып, болашаққа зор сенім артып, оң нәтиже шығарғанымыз жөн деп білемін.

 

Абай Сулийменов,
Белсенді жас