Атом – үздіксіз энергия көзі. Сондықтан Қазақстанда АЭС салу ел ертеңі үшін маңызды қадам. Әрі бұл еліміздегі электр энергиясы тапшылығын жоюға ықпал етеді. Біз электр энергиясын көрші мемлекеттерден сатып аламыз. Әсіресе Ресейден. Бұл ойланарлық мәселе.
Интернет желісінен 15 млн халқы бар Токиода АЭС бар деген ақпарат көрдім. Содан болар, Жапония қазір барлық салада алдыңғы қатардағы мемлекет.
Әлемді өзіне тәуелді еткен станцияның қазақ елінде болуына кедергіні келтіріп отырған өзіміз ғана. Бізде салынған АЭС-тің тек зияны болады деп болжау қате ұғым. Әрине, көпке топырақ шашпаймын. Десек те, арамызда арандатушылар да жоқ емес.
Мысалға алсақ, АЭС орналасқан шет елдерде балаларымыз білім алуда. Онда, неге қауіпті аймаққа жүрегіміздің бір бөлшегі-балаларымызды оқуға жіберіп отырмыз? Осындай, қисынға келмейтін қыңыр ойлардан арылып, жаңа Қазақтанды қалыптастыру үшін бірге шешім қабылдайық, жерлестер!
Сатбалдина Жадра Сагынтаевна
Тоқмансай ауылдық Мәдениет үйінің меңгерушісі