«Егемен ел патриоты» төсбелгісімен марапатталды
Республика күні ұлттық мерекесі аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты бағдарламалық мақаласын қоғамға кеңінен насихаттау мақсатында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан азаматтарды марапаттау рәсімі өтті. Осы салтанатты шарада еліміздің өркендеуіне үлес қосып жүрген жандар арасында өткізілген «Егемен ел патриоты» республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды.
Байқау жеңімпаздары қатарында алғалық Мыңбаева Рыскүл Реймбергенқызы да бар. Ол көп жылдық мінсіз және адал қызметі үшін «Егемен ел патриоты» атты мерекелік төсбелгісімен марапатталып, тиісті куәлігін алды. Бұл марапат Рыскүл Реймбергенқызының ел дамуы мен оның болашағы жолындағы еңбегіне берілген жоғары баға.
Мыңбаева Рыскүл Реймбергенқызы өз кәсіби қызметінде қоғам игілігі үшін аянбай еңбек етіп, әрдайым жоғары жетістіктерге қол жеткізген тұлға. Оның еңбегі халық арасында жоғары бағаланып, республикалық деңгейде танылды. Бұл марапат оның жауапкершілігі мен белсенді азаматтық ұстанымының айқын көрінісі болды.
Республикалық байқаудың мақсаты – еліміздің патриоттық сезімін оятып, Қазақстанның тәуелсіздігін нығайтуға үлес қосқан азаматтарды насихаттау және елдің дамуына еңбек еткен азаматтардың мәртебесін көтеру. Рыскүл Мыңбаеваның жетістігі – еліміздегі әр азаматқа үлгі.
Гүлім КЕНЕШОВА