Жаңа пәтер – жаңа өмірдің бастауы

Биылғы жыл мен үшін және менің отбасым үшін ерекше қуанышпен басталды. Біз көптен күткен жаңа пәтеріміздің кілтін алдық. Бұл – мемлекет тарапынан жасалып жатқан қолдаудың шынайы көрінісі.

Жаңа үй – тек баспана ғана емес, бұл әр отбасының болашаққа деген сенімін арттыратын үлкен қуаныш. Мемлекетіміздің әлеуметтік саясатының арқасында мен сияқты көптеген азаматтар өз шаңырақтарына қол жеткізіп, жаңа өмірге қадам басып жатыр.

Барша тұрғындар атынан осындай мүмкіндік жасаған барша азаматтарға алғысымды білдіремін. Бұл – тек пәтер кілті емес, біз үшін үлкен үміт пен бақыт кілті!

Г.Нурымбетова
Көпбалалы ана
Жаңа баспана иесі