Заман талабы, уақыт ағымынан болар бүгінде көгілдір отынсыз жер бағзы заманнан қалғандай күйге түседі. 2012 жылға дейін біз де бұл жағдайды бастан кешкенбіз. Бірақ, халық үнін еститін Үкіметіміз тілек-талабымызды табан асты етпей, осыдан 10 жылдай бұрын ауылымызға газ әкелді.
Сол сәттен бастап, пештер бұзылып, баспаналарымызға заман талабына сай жөндеу жұмыстарын жүргізіп, шағын қаланың келбетіне ендік. Бір ғана өзгеріс, ой-санамызды өзгертіп, беделімізді биіктеткендей көрінді. Бұрын қыстың көзі қырауда қар басқан жолдан жүріп қатты отын таситын кездерде қалаға көшуді мақсат етсек, енді жылы орнымызды суытқымыз келмейді.
Жыл сайын дамып келе жатқан ауылымыздың қазіргі көрінісі көз қуантады.
А.Құлжаева
Тоқмансай ауылдық округінің Аналар кеңесінің төрағасы