Мен Қарақұдық ауылының тұрғынымын. Екі жыл бұрын ауылымызға газ келіп, қуанышымыз қойнымызға сыймай қуанған сәтіміз кешегі күндей есімде. Ауызбіршілігі мығым ауылымызда ұзақ жылдар бойы газ мәселесі шешілмей келген болатын. Көпшілік болып бұл сұрақты жиі көтеріп келгендіктен, енді орындала қоймас-ау деп жүргенбіз. Сондай күндердің бірінде аудан азаматтары ауылда газ жүргізу жұмысы қолға алынатынын айтты.

Міне, сол уақыттан бері аз уақыт өтсе де, от шашып, пеш тазартқан күндерімізді ұмыттық десек болады. Бізге осындай мүмкіндік берген ел ағаларына алғысымыз шексіз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

 

Р.Ибрагимова

Кәсіпкер

Қарақұдық ауылдық округінің тұрғыны