Кешегі сессияда Мемлекет Басшысы айтқандай, соңғы жылдары еліміздің саяси-идеологиялық келбеті түбегейлі өзгерді. Экономикада жүйелі реформалар қолға алынды.

Ең бастысы, қоғамның сана-сезімі өзгере бастады. Азаматтар ел тағдырына бей-жай қарамай, саяси белсенділік танытып, әділеттілік пен ашықтықты талап ете бастады.

Бұл – «Жаңа Қазақстан» құру жолындағы маңызды қадамдардың бірі.

Билік пен халық арасындағы диалог тереңдеп, «тыңдайтын мемлекет» тұжырымдамасы аясында халықтың үніне құлақ асу үрдісі қалыптасуда. Жастар білімге, кәсіби даму мен жаңашылдыққа ұмтылып, ел болашағына өз үлесін қосуға ниетті.

Мұның бәрі қоғамда жауапкершілік пен азаматтық ұстанымның артып келе жатқанын көрсетеді.

Осы өзгерістердің барлығы Қазақстанның болашағына деген сенімді нығайтып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашуда.

Койшыбаев Алихан Избасханович
#4 Алға ОМің қазақ тілі пәнінің мұғалімі