Ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау мен цифрлық басқару жүйелері
Сұрақ: Ауыл шаруашылығы жануарларын қандай уақытта бірдейлендіруді жүргізу қажет?
Жауап: Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру (ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.01.2015 ж.№7-1/68) қағидаларына сәйкес ауыл шаруашылығы жануарлары 14 (он төрт) жұмыс күнінен кешіктірілмей бірдейлендіріледі: ірі қара мен ұсақ малдардың төлдері (бұзаулар, қозылар, лақтар, боталар) – туған күнінен бастап жеті күн өткеннен кейін, құлындар – төрт айлық жасынан бастап таңбалау және туған күнінен бастап жеті күн өткеннен кейін чиптеу жұмыстары жүргізіледі.
Сұрақ: Ақпараттық субсидиялау жүйесі арқылы өтінім беру кезінде есептік нөмірін қалай аламыз?
Жауап: Субсидиялар алуға үміткер тауар өндірушілерге қойылатын өлшемшарттар негізінде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы№ 7-1/37 бұйрығы.Атап айтсақ есепке алу нөмірінің болуы (ауыл шаруашылығы кооперативін қоспағанда) 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді.
Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетінқызметті берушіге портал арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанында өндіріс объектісіне есепке алу нөмірін беруге арналған өтініш жолдайды. Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы, өндіріс объектісіне бұрын берілген есепке алу нөмірі туралы, өндіріс объектісіне ветеринариялық-санитариялық қорытындының бар-жоғы туралы, меншік құқығындағы тиісті үй-жайлардың бар-жоғы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкіметтің»шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Сұрақ: Сұрақ: Ауыл шаруашылығы жануарларын қандай уақытта бірдейлендіруді жүргізу қажет?
Жауап: Ауыл шаруашылығын техникаларын сатып алу үшін «ҚазагроҚаржы» АҚ арқылы жеңілдетілген лизингке 5% пен ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алу мүмкіндігі бар.