Құттықтаймыз!

Құрметті Серік Сағынович!

Сізді 63 жасқа толуыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!

Сіздің еңбекқорлығыңыз, қарапайымдылығыңыз бен адамгершілік қасиетіңіз баршамызға үлгі. Көп жылдар бойы бу қазандығында атқарып келе жатқан жауапты қызметіңіз — нағыз шыдамдылық пен кәсібилікті талап ететін жұмыс. Сіз бұл міндетті абыроймен атқарып келесіз.

Өміріңізде әрдайым сәттілік серік болып, денсаулығыңыз мықты, көңіл-күйіңіз көтеріңкі болсын. Жақын жандарыңыздың қуанышы мен құрметіне бөленіп, алда әлі талай жыл жемісті еңбек ете беріңіз.

Сізге зор алғысымызды білдіре отырып, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық пен бақ-береке тілейміз!

 

Ізгі ниетпен, «Алға-Жылу» КМК ұжымы